È

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінде қырғыз киносының жұлдызы түсуі мүмкін еді

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінде қырғыз киносының жұлдызы түсуі мүмкін еді. Қазақстан киносы

Асқар Ұзабаевтың «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» комедиясына қырғыз киножұлдызы Азамат Ұланов қатысуы мүмкін еді. Жас актер «Ананы іздеу жолында» фильмі арқылы танылған болатын, ол кинода жетім баланың рөлін сомдаған. Актердің қазақ киносына неліктен түспей қалғанын Асқар Ұзабаев айтып берді.

«Азамат Ұланов басты кейіпкер Динараның інісін ойнауы керек еді. Ол Алматыға бір күнге келіп, түсіп кеткен. Бірақ, кейіпкерге сырттай қарап отырып, киномызды КТА форматына айналдырып жібергенін түсіндік. Түсірілім тобымен ақылдаса келе, аталмыш кейіпкерден бас тарттық та, оны сценарийден қиып алып тастадық»,-деп бөлісті режиссер.

«Ананы іздеу жолында» фильмінен көрініс

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» картинасы француз жігітіне тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген Динара туралы баяндайды. Әрине, бұған қыздың ата-анасы қарсылық танытады. Бірақ, кейіпкер жеңілгісі келмейді де, қулыққа барады. Динара ата-анасын көндіріп, арманындағы тойына қол жеткізе ме, жоқ па, оны қазақстандықтар биылғы жылы біле алады.

Фильм түсірілімі биылғы жылдың көктемінде Алматыда өтті. Оған Әсел Сәдуақасова, Нұржан Садыбеков, Морган Сеги және Рая Адығанова қатысты.

 

Превью: femme.kg

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер