È

Ақтөбе облысында «Сүтті құдық» фильмі түсірілді

Ақтөбе облысында «Сүтті құдық» фильмі түсірілді. Қазақстан киносы

Ақтөбе облысының кинематографшылары отандастарын таң қалдырудан жалықпайды. Осы жазда «Сүтті құдық» атты жаңа көркем фильмі түсірілді. Картинаның режиссері, сценарий авторы әрі продюсері Еркебұлан Зәкіров болды. Оның Серік Айжановпен бірге түсірген бұрынғы картиналары: «Бейшара бай күйеу жігіт» және «Екінші тыныс».

«Сүтті құдық» фильмі Зәкіров фильмографиясындағы орны ерекше туынды. Алдыңғы картиналарда заманауи өмірдегі оқиғалар баяндалса, жаңа таспада Кеңес Одағының құлдырау кезеңі баяндалады.

«Сүтті құдық» фильмінен көрініс

«Сүтті құдықтың» кейіпкерлері – бір ауылдың балалары, олар бір күні басқа мемлекетте – Қазақстан Республикасында оянады. Фильмде 1991 жылдың тамызында болған бір күнгі оқиға көрсетіледі. Кино трагикомедия жанрында түсірілген. Сценарийі 2003 жылы жазылып қойған еді»,-деді режиссер.

Таспадағы басты рөлдерді Темірлан Дәрісқалиев, Нұртас Бисекенов, Даниял Алпысбай және Сұлтан Жанабаев ойнайды.

Фильм түсіріліміне қоюшы-оператор Досхан Уахитов, қоюшы-суретші Әсем Нұралина және грим жасаушы Индира Дәрісқалиева атсалысты.

«Сүтті құдық» фильмінен көрініс

Түсірілім ағымдағы жылдың шілде айында Ақтөбе облысының Терісаққан ауылында өтті. Картина 14 күн бойы түсірілді.

Режиссердің айтуынша, «Сүтті құдық» қазан айында Ақтөбе, Орал, Атырау мен Қызылорда қалаларында және Ресей қалалары – Оренбург пен Орскта көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер