È

Алматыда Венгрия кинофестивалі басталды

Алматыда Венгрия кинофестивалі басталды

Алматыда «Цезарь» кинотеатрында Венгрия кинофестивалі басталды. Венгерлік режиссерлардың фильмдер көрсетілімі 15 мамырға дейін жалғасады. Фестиваль Олег Борецкий киноклубының қолдауымен өткізілуде.

Фестивальді Карой Уй Месароштың 2015 жылы жарық көрген «Лиза-түлкі» комедиялық фэнтезиі ашады. Лиза сал болып қалған әжені бағады, демалыс уақытында жапондық романдарды оқиды. Бойжеткен әдемі махаббат пен бостандықты армандайды. Бірақ, ғашық күйеу жігіттердің орнына оны өлім аңдумен болады. Көрсетілім 11 мамыр күні сағат 19:00-де басталады.

12 мамырда сағат 17:00-де Ильдико Эньедидің «Менің ХХ ғасырым» картинасы көрсетіледі. Комедиялық драма 1989 жылы жарыққа шыққан. Сол жылы Канн кинофестивалінде «Алтын таспаға» ие болған. Сюжетте бала күнінде бір-бірінен ажырап қалған егіз әпкелі-сіңлілі баяндалады. Зэ мырзаның арқасында екеуі кездесіп, өмірлеріндегі өзгеріске бет бұрады.

«Лиза-түлкі» фильмінен көрініс
«Лиза-түлкі» фильмінен көрініс

13 мамырда көрермендерге Ильдико Эньедидің «Тән мен жан туралы» (2017) атты жаңа жұмысы ұсынылады. Драма кейіпкерлері – әріптестер Мария мен Эндре. Екеуі де жалғызбасты әрі ұяң тұлға. Бірақ, екеуі де бірдей түс көретіндерін білген соң, соның шешімін бірге шешуге кіріседі. Екеуінің жақындасуы көптеген күтпеген хикаяларға әкеп соғады. Көрсетілім сағат 17:00-де басталады.

14 мамыр күні 19:00-де Габор Хирендидің «Кинчем» (2017) атты шытырманға толы мелодрамасы көрсетіледі. Оқиға Австрия империясында болған, ол жақта жоғары тап өкілдері бір-бірімен шайқасады. Нәтижесінде, ақсүйек Блашковичке барлығын құрбан етіп, ат жарысына қатысуы керек болады. Алайда, ер азаматтың Кинчем есімді тамаша аты бар, одан әлі күнге дейін ешкім озып көрмепті.

«Тән мен жан туралы» фильмінен көрініс
«Тән мен жан туралы» фильмінен көрініс

Венгрия кинофестивалін 15 мамырда Ибойя Фекетенің «Ана және басқа да адуынды туыстар» (2015) фильмінің көрсетілімі аяқтайды. Қарт әйел қызына өз өмірі жайлы баяндап береді. Оның отбасы көптеген сынақтардан өтті. Ұзақ өмірінде әйел бақыт пен тыныштық іздеп, 27 рет көшкен екен. Көрсетілім уақыты - 19:00.

Кинотаспалар өз тілдерінде орыс тіліндегі субтитрлармен немесе кадр сыртындағы дауыс арқылы ұсынылады. Көрсетілімге кіру тегін.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса