È

Алматыда жаңа кинотеатр ашылды

 Алматыда жаңа кинотеатр ашылды

Алматыдағы «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында «Арман» кинотеатрлар желісінің төртінші кинотеатры ашылды. Жаңа кинотеатрдың 7 залы бар, олардың үшеуі 3D форматындағы картиналарды көруге арналған, ал жалпы орын саны - 730. Залдарда жас көрермендерге жақсы жағдай жасалған, балалар үшін үлкендерменбір деңгейде отыруға арналған арнайы биік әрі жұмсақ орындықтар қойылған.

Кинотеатрдың ашылуы

Кинотеатр «Christie» (кәсіби видеопроекторлық құрылғы) жаңа құрылғылармен, Dolby Digital» дыбыс жүйесі және ыңғайлы креслолармен жабдықталған. Сауданы жеңілдетіп, уақытты үнемдеу үшін бар мен касса біріктірілген.

Бұл Қазақстандағы «Арман» кинотеатрлар желісінің алтыншы кинотеатры. Киноорталықтар Алматы, Астана және Қостанай қалаларында.

Алматыда 6 ірі оператор қызмет көрсетеді, мұнда 60 кинозал бар. .

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер