È

Алматыға американдық режиссер әрі продюсер Ллойд Кауфман келмек

Алматыға американдық режиссер әрі продюсер Ллойд Кауфман келмек

27 мамыр күні Алматыда «Тұран» университетінің қабырғасында американдық режиссер, сценарист, продюсер әрі актер Ллойд Кауфманның шеберлік сағаты өтеді. Семинар жас кинематографшыларға өз білімдерін жетілдіріп, АҚШ-тағы фильмдер түсіру жүйесімен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.

Ллойд Кауфман - тәуелсіз көне «Трома Энтертейнмент» американдық кинокомпаниясының президенті. Кинодағы 50 жылдық жұмыс ішінде ол 30-ға жуық толықметражды фильм түсіріп, 100-ден астам көркем, деректі және қысқаметражды таспаларға продюсерлік еткен, сондай-ақ фильмдер мен телехикаяларда 200-ден астам рөлдерді сомдады.

Кауфман жасаған ең маңызды фильмдер - «Уытты кек алушы», «Каннибал! Мюзикл», «Нью-Йорк полициясынан шыққан сержант Кабукимен», «Атом мектебі», «Тромео мен Джульетта» және «Тауық зомбилерге шабуыл». Көптеген танымал кинематографшылар мансаптарын соның жобаларына қатысып, бастаған. Олардың арасында: Трей Паркер мен Мэтт Стоун («Оңтүстік саябақ»), Элай Рот («Хостел») және Джеймс Ганн («Галактика сақшылары»), Роберт Де Ниро, Дастин Хоффман, Сэмюэл Лерой Джексон, Кармен Электра мен Дженна Фишер бар.

Алда болатын шеберлік сағатының тақырыбы - «Өз фильміңді түсір». Үш сағат бойы Ллойд Кауфман картина түсіріліміне: сценарийден бастап, продакшнға дейін қалай кірісетінін айтып, бөліседі. Семинарға қатысушылар алғашқы фильмді қалай бастау керектігін, дайындық барысына нелердің кіретінін, түсірілім тобын қалай жинауға және кәсіби дағдарыстан қалай шығуға болатынын үйренеді.

Шеберлік сағаты Ллойд Кауфманның «Атом мектебіне оралу» кинодилогиясының көрсетілімімен аяқталады. Бірінші бөлімі 2013 жылы шығып, заманауи өнер Нью-Йорк мұражайында таныстырылған, ал екіншісі Канн кинофестивалінде көрсетілген. Картиналар орыс тіліндегі субтитрлармен ағылшын тілінде ұсынылады.

Шараны Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігінің, 48 Hour Film Race – «48 сағатта түсіру» қысқаметражды фильмдер байқауының және «Тұран» университетінің қатысуымен Tums Film Festival аз бюджетті киноға арналған тәуелсіз кинофестивалі ұйымдастырған.

Шеберлік сағатына билет арқылы кіруге болады, ал билеттер «Тикетон» сайтында сатылады.

Толығырақ ақпарат алу үшін + 7 707 384 24 75 (WhatsApp) нөміріне хабарласуға болады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 мамыр 2018, 02:07

классно. так и будем развиваться

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист