Алматыда халықтық комедияның түсірімі өтіп жатыр
Режиссер Асқар Бисембиннің «NauryZ.kz» жаңа комедиясының түсірілімі басталды. Идея және сценарий авторлары Асқар Бисембин, Николай Пак және Василий Земзюлин. Продюсерлері Алмас Сұлтанғазин және Олег Головашкин.
Режиссер халықтық комедия деп атаған фильмде қызықты бес оқиға баяндалады, олар өзара бір-бірімен байланысты. Авторлардың айтуынша, көрермендерлі махаббат оқиғасы, көктем, мерекелік сиқыр күтіп тұр.

Әзірге түсірілім Алматыда өтіп жатыр. Кейін түсірілім тобы Астанаға, Шымкентке, Қарағандыға және Қарақыстек ауылына аттанады..
Ең қызығы, что в фильмде 12 бас кейіпкер бар, оларды Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Айқын Төлепберген, Талғат Кенжеболатов, Саят Мерекенов, Шәріп Серік және Жеңіс Омаров ойнайды.
Түсірілім барысы 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Комедияның релизі келесі жылдың 16 наурызына белгіленген.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін