È

Алматыда отандық шоу-бизнес туралы хикая түсіріліп жатыр

Алматыда отандық шоу-бизнес туралы хикая түсіріліп жатыр

Санжар Омаров Musan Enterteiment-пен бірге «Шоу-біз» жұмыс атауы бар отандық жаңа хикаяның түсіріліміне кірісті. Жобаның продюсерлері Тимур Балымбетов пен Игорь Воробьев болды.

Сюжетте шоу-бизнесті бағындырғысы келетін ауылдан келген дарынды жігіт. Бірақ, барлығы оңай емес. Басты кейіпкер арманына жету жолында өмірдің ащы дәмін татып көреді.

«Идея жайлы ойланғанда, біз шоу-бизнесті таңдадық, себебі бұл біздің негізгі саламыз. Түсірілімге отандық әртістеріміз қатысады, олар өздерін ойнайды. Сондықтан, сюжет көрермендерге шынайы болып көрінбек», - деп бөлісті Тимур Балымбетов.

«Шоу-біз» фильмінің түсірілімі
«Шоу-біз» фильмінің түсірілімі

Хикаядағы басты рөлді «Алтыншы бекет» картинасына түскен актер Санұржан Сүлейменов сомдайды.

Сонымен қатар, отандастарымыз жобадан Аяна Құсайынова, Ғалымжан Молданазар, Ringo тобы, Фарема Қазақпаева, Jayrun тобы, Еркен Губашев сынды әртістерді көре алады.

«Санжармен жұмыс істеу өте оңай. Ол – қиын сәтте байбалам салмай, күрделі сұрақтарды жылдам шеше алатын әдіскер адам. Көрермендер бұл хикаяны көрулері тиіс, өйткені бұл таспа біздің шоу-бизнес жайлы», - деді Санұржан Musan Enterteiment парақшасында.

Еске салсақ, алдыңғы жолы Санжар Омаров «Үйленгендер», «Ана жүрегі» атты көпбөлімді таспалардың қоюшысы болған. Жуырда «Хабар» телеарнасынан өзі режиссерлік еткен «Қарлығаш ұя салғанда» хикаясы жарыққа шығады.

 

С началом новой недели, друзья! Мы принесли вам еще один забавный кусочек с бэкстейджа «Шоу-Бiз». Напоминаем, что телеканал Gakku снимает сериал о молодом амбициозном Армане, приехавшем покорять музыкальные вершины Алматы. А помогать ему в этом будет милая девушка по имени Сабина — как вам такой спойлер? Заряжайтесь от нас бодростью и энергией, отличного вам понедельника! Backstage by @kz_backstage #gakku #gakkutv #showbiz #шоубиз #сериал #backstagekz #kzbackstage #backstage #kazakhfilm #съёмки #поддержимкзкино #алматы #ala #almaty #kaz #kz #project #kazakhstan #astana #астана #казахстан #кино #кз #cinema #творчество #ролик #process #закадром #musanentertaiment

Публикация от Musan Entertainment (@musan.entertainment)

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер