Алматыда Clique Film Fest байқауы өтеді
12 қазанда «Арман» кинотеатрында lique Film Fest кинофестивалі бағдарламасының тұсаукесері өтеді. Наргиз Шүкеновв мен Борис Байковтың қалауымен пайда болған авторлық кино фестивалі 2014 жылдан бері өткізіледі.
Тұсаукесер аясында Кирилл Серебренниковтың «Ученик» фильмі көрсетіледі. Фильмнің әлемдік тұсауы Канн кинофестивалінде кесіліп, арнайы жүлдеге ие болған.

«Ученик» фильмінен кадр
Үшінші мәрте өткізлетін фестиваль 11-23 қарашаға белгіленген. Clique Film Fest пайда болған екі жылдың ішінде көрермендерге қазақстанның, Американың, Еуропаның үздік авторлық фильмдерін бағалауға мүмкіндік берді.Өткен жылы фестиваль Астанада өткізіліп, Гаспар Ноэнің «Любовь 3D» фильмін, «Волчья стая» деректі фильмін, Канндағы «Особый взгляд» бағдарламасының жеңімпазы Гримур Хаконарсонның «Бараны» фильмін ұсынды. Көрсетілім Сорос Қазақстан Қоры мен Қазақстандағы Британ кеңесі қолдауымен өтті.
«Ученик» лентасының қазақстандық тұсаукесеріне билеттерді «Арман» кинотеатрының кассаларынан алуға болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін