È

Алматыда Nordic Film Festival атты скандинавиялық кинофестивалі өтеді

Алматыда Nordic Film Festival атты скандинавиялық кинофестивалі өтеді

Алматыда 24-27 тамыз аралығында алғашқы скандинавиялық кинофестивалі өтеді. Отандық көрерменге бұрын кинотеатрлардан көрсетілмеген Швеция мен Норвегияның фильмдері ұсынылады. Көрсетілім «Бункер» арт-бөлмесінде, «Cafeteria» қалалық дәмханасында және Дүйсенов пен Брусиловский көшелеріндегі саябақта орналасқан «Көршілер театрында» өтеді. Кіру тегін.

Қала тұрғындары швед режиссерлары Пернилла Аугустоның «Салмақты ойын» және Мартин Хёгдальдың «Мұзды айдаһар» картиналарын, сондай-ақ Бент Хамердің «1001 грамм» және Ганайлд Уэстаген Магнордың «Белсенділер» секілді норвегиялық фильмдерін тамашалай алалды. Кинотаспалар орыс тіліндегі субтитрлар арқылы көрсетіледі.

Шара Норвегиялық кино институтының, Алматыдағы Норвегия Патшалығы құрметті консулының және Қазақстандағы Швеция Патшалығының қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар келесі жылы фестиваль бағдарламасына Дания, Финляндия мен Исландия елдерінен келген фильмдердің қатысатынын атап өтті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер