È

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» IX фестивалі өтеді

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» IX фестивалі өтеді

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» IX фестивалінің ашылуы болмақ. Шетелдік фильмдер шеруі сәуірдің 12-нен 15-не дейін жалғасады. Француз кинематографының жаңа туындылары дәстүр бойынша «Арман» киноцентрында көрсетіледі.

Фестивальді продюсер Люк Бессонның «Такси 5» комедиялық атыс-шабыс фильмі ашады. Бұл жолы сюжетте полицей Сильвен Маро төбе көрсетеді. Комиссар оған маңызды тапсырма береді – зергерлік дүкендерді тонап жүрген итальяндық жарысушыларды ұстау. Маро желікпе Даниэльдің жиенінен көмек сұрайды. Алайда, белгілі болғандай, Эдди ағасынан ДНК-дан басқа ештеңені мұраға алмапты. Көрсетілімнің басталуы: сағат 19:30.

13 сәуір күні көрермендерге «Көркем» фильмі ұсынылады. Хикая кейіпкері – Анжела, бір қарағанда оның өмірі кереметтей көрінеді. Сүйікті жары, әдемі қызы және теңіз жағасында орналасқан үйі бар. Бірақ, бір күні ол күйеуінің көңілдесі бар екенін біліп қояды, ал қызы белгісіз бір рокермен бірге тұрғысы келеді. Әйел өз өміріне басқаша қарауға тырысады. Көрсетілім сағат 19:30-да басталады.

«Көркем» фильмінен көрініс
«Көркем» фильмінен көрініс

Дәл осы күні «Миссис Хайд» картинасы көрсетіледі. Жекиль ханым – өз-өзімен жүрген адам, оны ешкім байқамайды, тіпті біреулер кейде ренжітіп жатады. Алайда, найзағай түскен соң, ол күрт өзгереді. Оның бойында әлдебір миссис Хайд пайда болады. Ендігі кезекте, әйел өз құқығын қорғап, ренжіткендерді жазалауға кіріседі. Көрсетілім уақыты - 22:00.

14 сәуірде «Мектуб, менің махаббатым» мелодрамасы алғаш рет экранға шығады. Амин – жас сценарист, ол өз қалашығына барып, сол жақта Жасминмен танысады да, ғашық болады. Сол уақытта оны әлдебір продюсер байқап қалып, жігітке қолдау көрсеткісі келеді. Уақыт өте келе продюсердің әйелі Аминге қызығушылық таныта бастайды. Көрсетілімнің басталуы – сағат 16:00-де.

Содан кейін, «Менің бұрынғы құрбым» таспасы көрсетіледі. Винсентке сүйіктісімен айырылысу оңайға соқпайды. Оған бұрынғы досы Нефели көмекке келеді. Достар «енді шынайы қарым-қатынасқа бармаймыз» деген шартпен, пәтер жалдауды ұйғарады. Бірақ, кілтипан мынада, Нефели – бойжеткен, ал уәдені біреу ерте ме, кеш пе, міндетті түрде бұзады. Көрсетілім уақыты - 20:00.

«Менің бұрынғы құрбым» фильмінен көрініс
«Менің бұрынғы құрбым» фильмінен көрініс

Күн «Қысқа метр» бағдарламасымен аяқталады.

15 сәуір күні «Қысқа метр» бағдарламасының көрсетілімдері жалғасады.

Француз кино шеруін «Махаббаттың 12 әуені» аяқтайды. Фильм кейіпкерлері –кішкентай Бон қалашығының тұрғындары. Мінездері мен көзқарастары мүлдем бөлек 12 әйел мен 12 еркек бір адамның тағдырын шешуге тырысады. Әрқайсысы сол адамды өмірлік тәжірибесі мен әрекеттері арқылы бағалай бастайды. Көрсетілім сағат 19:30-да басталады.

Айта кету керек, фильмдердің барлығы 16 жастан асқандарға арналады.

«Бүгінгі француз киносы» фестивалін Франция елшілігі мен Алматыдағы Қазақстан мен Француз Альянсының қолдауымен UniFrance агенттігі өткізеді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

31 наурыз 2018, 22:06

Класс! Надо сходить!

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер