È

Алматыда түрік киносының апталығы өтеді

Алматда түрік киносының апталығы

27-сі мен 31 мамыр аралығында Kinopark 11 (Есентай) IMAX 3D кинотеатрында түрік киносының фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылары - «Қарагөз» агенттігі, ТИКА және ТЮРКСОЙ, сонгдай-ақ Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі.

Қазақстандық көрерменнің назарына халықаралық байқаулардан жүлдеген атанған фильмдер ұсынылады. бағдарлама аясында 5 көркем фильм көрсетіледі, ал негізгі ісшара ұш бөлімнен тұрады: "Фильммен бірге", "Ерекше көрсетілім", "Шеберге тағзым". Киноленталардың көрсетілімінен кейін көрермен түрік режиссерлерімен, актерлерімен кездесе алады. олардың қатарында актерлер - Кенан Эдже, Бурчин Абдуллах, режиссерлер - Кемаль Узун, Осман Сынав және продюсер Галип Гюнер бар.

Фестивальдің шымылдығын жапон режиссеры Митсутоши Танаканың «Эртугрул 1890» (2015) фильмі ашады. Бұл Түркия мен жапонияның бірлескен жобасы, екі ел арасындағы достыққа 125 жыл толуына орай түсірілген.

«Эртугрул 1890»

Кинолента 1890 жылы Жапония жағалауында апатқа ұшыраған Түркияның кемесі Эртуғрул жайлы. Онда 69 экипаж мүшесі тірі қалған, оларға жергілікті тұрғындар көмек көрсетеді. Басты рөлді түрік актері Кенан Эдже және жапон актрисасы Сиори Куцуна ойнады.

Келесі көрсетілетін фильм Кемаля Узунның «Анкара жазы» (2016). Мұндағы оқиға 1978 жылы болған, сол кезде Анкарада солшыл қозғалыс жағтаушылары көбейген болатын. Бірде 20 жастағы Мұстафаны қамауға алады. Рөлдерде Гюрхан Уйгун, Бурчин Абдуллах, Сефа Зенгин және басқалар.

Кадр «Анкаринское лето»

Ерте кезде түсірілген фильмдердің бірі – «Қызыл орамалды шынарым». Бұл фильм Шыңғыс Айтматовтың дәл осылай аталатын повесінің желісі бойынша 1978 жылы түсірілген. Режиссер - Атиф Йылмаз. Бұл оқиға күйеуі тастап кеткенде баласын құшақтап қала берген келіншек Әсия жайлы. Біраз уақыт өткеннен кейін ол Жәмшитт кезіктіреді. Бірақ олардың тыныштығын Әсияның бұрынғы күйеуі Ілияс бұзады. Ол отбасын қайтарғысы келеді. Басты рөлдерде: Тюркан Шорай, Кадир Инанир және Ахмет Мекин.

«Қызыл ормалды шынарым» кадр

Йылмаза Эрдоганның «Сон бабочки» (2013) мелодрамасы сонау 40-ыншы жылдардағы оқиғаны баяндайды, сол кезде түрікт қалаларына оба індеті тараған болатын. Ал екі жас ақын оба дертіне шалдықса да өмірге деген құлшыныстарын жоғалтпайды. Актерлер құрамы: Кыванч Татлытуг, Фара Зейнеп Абдулла, Март Фырат және басқалар. Картина бұрын шет тіліндегі үздік картина аталымы бойынша оскар жүлдесіне ұсынылған.

«Сон бабочки» кадр

Фестивальді қорытындылайтын режиссер Осман Сынавтың «Ұзақ оқиға» (2012) фильмі, режиссер атақты «Көкжалдар мекені» сериалы арқылы көпшілікке танымал.

Басты кейіпкер Әли, Ол бір кездері Мунирэ атты аруды алып қащқан. Жас жұбайлар бір-қаладан бір қалаға көшіп-қонып жүреді, сөйтіп жүргенде олардың Мұстафа атты ұлдары дүниеге келкеді.

Шытырман оқиғалы фильм 1940-70 жылдаржағы оқиғаны баяндайды. Басты рөлде Кенан Имирзалыоглу, ол қазақстандықтарға «Горькая жизнь», «Қарадайе» және «Эзель» фильмдері арқылы таныс.

«Долгая история»

Түрік киносы апталығында көрсетілім тегін.

Көрсетілімнің толық кестесі Kinopark.kz ресми сайтында жарияланды.

 

Айгерим Каскыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса