Алматыда Tums Film Festival азбюджетті тәуелсіз кинофестивалі өтеді
Алматыда алғаш рет 20-22 қазан аралығында Tums Film Festival азбюджетті тәуелсіз кинофестивалі өтеді. Шараның ұйымдастырушысы - Әлем Дәулетқұлов, қосалқы ұйымдастырушысы Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі болды.
Алматылықтарға үш күн бойы халықаралық кинофестивальдерде ерекше көзге түскен азбюджетті үздік алты фильм көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Tums Film Festival-дың басты мақсаты – жақсы кино түсіру үшін міндетті түрде миллион доллардың емес, бастысы тапқырлық пен жасапмаз ойдың болу екендігін көрсету.
Фестивальді «Дэйв лабиринт жасады» американдық фэнтези ашады. Сюжетте суретші Дэйв туралы баяндалады, ол қонақ бөлмесінде картоннан қамал жасап қояды. Елестің арқасында ер азамат қауіпті тұзақ пен қорқынышты әлемге сүңгіп кетеді. Шытырман оқиғаның шиеленіскен шағында үйіне ғашығы Энни оралады.
«Дэйв лабиринт жасады» фильмінен көрініс
Сондай-ақ, көрермендерге «Папье-машеден жасалған үлкен жұмыр тас негізінде өте ауыр» жаңазеландиялық фильмі, «Киношлак» испан комедиясы, «Индиана Джонс: Таңғы кемені іздеу» кадрлы ремейкі және «Өлгендердің жолы болды» ресейлік қорқынышты фильмі ұсынылады. Кинокөрсетілімдердің арнайы қонағы продюсер Алан Хоффманис болмақ. Ол Уганда, Кампаланың түкпірлерінде 65 долларға түсірген «Бэд Блэк» атыс-шабыс фильмін таныстырады.
Көрермендер Tums Film Festival уақытында ұнатқан фильмдеріне дауыс бере алады, олар көрсетілім соңында «Көрермендер көзайымы» жүлдесіне ие болады.
Азбюджетті кинофестивалі Chaplin Mega Park кинотеатрында болады. Шараға билетпен кіру керек.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін