È

Алматыда «Жібек жолы» алғашқы кинопоэзия фестивалі өтпек

Алматыда «Жібек жолы» алғашқы кинопоэзия фестивалі өтпек. Қазақстан киносы

12 маусым күні Алматыда «Жібек жолы» алғашқы кинопоэзия фестивалі өз жұмысын бастайды. Кинофестиваль ҚР Ұлттық кітапханасының және Қазақстан жазушылар Одағының ұйымдастыруымен Халықаралық әдеби Биеннале аясында өтеді.

«Жібек жолы» фестивалі Орта Азия мен Шығыс ақындарының өлеңдерінің желісімен түсірілген қысқаметражды фильмдерді таныстырмақ. Қатысушылардың арасында келесі қазақстандық режиссерлардың жұмыстары бар: Айнұр Ниязова «Сол бір мамыр айында» (Белла Ахмадулина өлеңдері), Сафар Шакеев «Қабылдау қиын» (Ғалымжан Жалайыр өлеңдері), Айгүл Ақсамбиева «Қара сәуле» (Назгүл Сарыбаева өлеңдері), Джулия Ғани «Нақсүйер» (Шәкәрім өлеңдері), Ядыкар Ибраимов «Құмыраға құйылған кез-келген су» (Олжас Сүлейменов өлеңдері), Нұрәлі Қадыров «Самғау» (Алексей Крыса өлеңдері) және Сәбит Әбді «Ғайша» (Мұхтар Шаханов өлеңдері).

Шара барысында келесі көркем фильмдер көрсетіледі: Болат Мансұров «Сұлтан Бейбарыс», Сұлтан-Ахмет Қожықов «Қыз Жібек», Ермек Тұрсынов «Шал», Рүстем Әбдірашев «Балалық шағымның аспаны».

Киношараға Қазақстанның белгілі жазушылары, ақындары, мәдениет пен қоғам қайраткерлерімен қатар, шетелдік жазушы Януш Леон Вишневский, түрік жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Орхан Памук, қытай драматургы Мо Янь және т.б. қатысады.

Сурет «Жібек жолы» фестивалінің жеке Instagram парақшасынан алынды

«Women of Kazakhstan» ҒӨБ-нің кинокөрсетілім бекітушілерінің негізгі мақсаты – поэзияны жастар арасына кино тілі арқылы таныту және Орта Азия мәдени мұрасын кинотаспаға түсіріп, сақтау. Биылғы жылы көрермендерге тек отандық режиссерлардың жұмыстары көрсетіледі. Ал келесі жылы фестиваль халықаралық деңгейде өткізілмекші. Оған шетелдік кинематографшылар арнайы шақырылатын болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер