È

Алматыда бесінші Clique авторлық кинофестивалі өтеді

Алматыда бесінші Clique авторлық кинофестивалі өтеді

Биыл бесінші мерейтойлы Clique авторлық кинофестивалі өтеді. Көрсетілім дәстүр бойынша, «Арман» киноорталығында болады. Байқау бағдарламасы 15-23 қараша аралығында таныстырылмақ.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алдыңғы фестивальдердегі үздік картиналарды еске алуды жөн көрді. Сондықтан, 18, 25 қазан және 1, 8 қараша күндері Алматыда «Арманнан» Дэмьен Шазеллдің «Құлай берілу» таспасын, Паоло Соррентиноның «Жастық шағын», Ксавье Доланның «Бұл жәй ғана ақырзаманын» және режиссер Лука Гуаданьиноның «Мені өз есіміммен аташы» картинасын көруге болады.

«Жастық шақ» фильмінен көрініс
«Жастық шақ» фильмінен көрініс

Байқау аясында Лукас Донттың «Қыз» дебюті таныстырылады, картина Бельгиялық 15 жасар трансгендерлі бойжеткен Лараның хикаясын баяндайды. «Кэмерон Посттың жөнсіз тәрбиесі» - құрбысымен сүйісіп жатқан жерінен ұсталып қалған Монтаналық қыз. Ұлыбританиялық оскарлы режиссер Стив МакКуин «Жесірлер» фильмін түсірді, ол да кинофестивальде көрсетіледі. Сюжеті күйеулерінің өлімі үшін кек алуды ұйғарған төрт жесір әйел жайлы баяндайды.

«Жесірлер» фильмінен көрініс
«Жесірлер» фильмінен көрініс

Одан бөлек, фестиваль көрермендері қазақстандық режиссерлардың үш картинасын – Канн кинофестивалінің ACID бағдарламасына енген Ольга Коротьконың «Жәй ғана қыс» дебюті, Эмир Байгазиннің бозбаланың ересек әйелмен қарым-қатынасын баяндайтын «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмі және Катерина Суворованың «Өз әндерін шырқау / Қазақстанда» деректі таспасын көре алады.

«Жәй ғана қыс» фильмінен көрініс
«Жәй ғана қыс» фильмінен көрініс

Еуропалық фильмдер бөлімінде итальяндық саяси қайраткер Сильвио Берлусконидің өмірбаянына негізделген таспа, режиссер Паоло Соррентиноның «Лоросы», үздік шетелдік фильм үшін «Оскар» иеленген Павел Павликовскийдің «Суық соғыс» атты жаңа туындысы және Жан-Поль Сивейрактің «Париждік тәрбие» картинасы таныстырылады.

 

Фестивальде барлығы түрлі жанрдағы 14 фильм ұсынылатын болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер