È

Алматыда «Жетісуға қош келдіңіздер» атты отандық роуд-муви көрсетілді

Алматыда «Жетісуға қош келдіңіздер» атты отандық роуд-муви көрсетілді

Алматыда, «Арман» кинотеатрында Ерлан Ошақпаев режиссерлік еткен «Жетісуға қош келдіңіздер» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Картина роуд-муви жанрында түсірілген.

Сюжетте төрт дос Қазақстанның көрікті жерлерін зерттеп жүріп, шытырман оқиғаларды бастан өткереді.

«Біз жастарға арналған және туризмді дамытуға үлес қосатын жақсы фильм түсіруді жөн көрдік. Картина қазақ тілінде түсірілді, осылайша ана тіліміздің дамуына да үлес қосқымыз келді», - деді фильмнің атқарушы продюсері Әділбек Әбілов.

«Жетісуға қош келдіңіздер» фильмінен көрініс
«Жетісуға қош келдіңіздер» фильмінен көрініс

Комедиядағы рөлдерді Елдар Тәшкенбай, Құдайберген Қуаныш, Салтанат Құдайбергенова, Олжас Қасым сомдады. Сонымен қатар, жобаға Марат Әлібаев, Рамис Құлахметов атсалысты.

«Фильмде Дәулет есімжі жігітті сомдаймын, ол ақыл айтып, мақал қосып сөйлегенді ұнатады. Маған рөлге ену қиын болған жоқ, себебі бұл мен үшін үйреншікті образ», - деді Олжас Қасым.

«Жетісуға қош келдіңіздер» фильмінен көрініс
«Жетісуға қош келдіңіздер» фильмінен көрініс

Картина 25 күн бойы Алматы облысында түсірілді. Фильм сценарийін Нью-Йорк киноакадемиясының студенті Әділет Жұмабек жазды.

«Жетісуға қош келдіңіздер» фильмі ауқымды айналымға шықпайды, бірақ арнайы көрсетілімдер Қазақстанның барлық қалаларында өтеді.

Еске сала кетсек, бұрын Ерлан Ошақпаев «О, Ләйла» толықметражды таспасын бюджетсіз түсірген еді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер