È

Алматыда «Жаттықтырушы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматыда «Жаттықтырушы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында «Жаттықтырушы» ресейлік фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина актер Данила Козловскийдің режиссерлік дебюті болды.

«Жаттықтырушы» - футболшы Юрий Столешников жайлы баяндайтын спорттық драма. Тағдырлы жарыста кейіпкер шешуші голды соға алмай қалады. Керемет спорт мансабы мен көңіл қуантарлық үміт бір сәтте құрдымға кетеді. Ер азамат қайтадан күш жинап, әрі қарай жылжуға талпынады. Ол өзін жас топтың жаттықтырушысы ретінде сынап көреді, сол жақта жаңа қиындықтарға тап болып, махаббатын жолықтырады.

Картинаны алғаш бағалағандардың арасында қазақстандық блогерлер, киноқайраткерлер мен БАҚ өкілдері болды. Фильмнен алған әсерімен продюсер әрі актер Фархат Әбдірайымов бөлісті.

«Менің ойымша, өте жақсы фильм шыққан секілді, оның үстіне бұл Данила Козловскийдің алғашқы режиссерлік тәжірибесі ғой. Ол жақсы актерлік құрамды жинай алды. Картина Ресейде өтетін Әлем Чемпионатына қарсы уақытында шығып отыр. Фильмнен алған әсерім ерекше», - деді ол.

Юрий Столешниковты Данила Козловскийдің өзі сомдады. Сондай-ақ, таспаға танымал актерлар Ирина Горбачева, Владимир Ильин, Виктор Вержбицкий түсті.

«Жаттықтырушы» фильмі айналымға шықты. Көрсетілімнің ыңғайлы кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

Камиля Саитова

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса