È

Алматыда «Өзгелердің күнәсі» атты 120 бөлімдік драма түсіріліп жатыр

Алматыда «Өзгелердің күнәсі» атты 120 бөлімдік драма түсіріліп жатыр

Bas Production компаниясы «Өзгелердің күнәсі» жұмыс атауы бар 120 бөлімдік драманың түсіріліміне кірісіп кетті. Хикаяның бас режиссері – Айгүл Ақсамбиева, ол бұрын «Айжан», «ВУЗеры» жобаларымен және «Саз – махаббат» қысқаметражды таспасымен жұмыс істеген.

«Өзгелердің күнәсі» хикаясы – махаббат пен өтелу жайлы хикая. Рүстем мен Ботагөз махаббаттары үшін күресе отырып, көптеген сынақтардан өтуге және жақындары жасаған қателіктер үшін жауап беруге мәжбүр болады. Жастар өздерін іздеп жүрген шақта, өздерінің еті үйренген үйреншікті әлем ойрандалады. Қарым-қатынас, сатқындық, шиеленіс пен махаббат – бұл хикаядан көрермендер барлығын көре алады.

Басты кейіпкерлер Рүстем мен Ботагөзді Ерлан Құлмұрзин және Индира Құлмағанбетова сомдайды. Екінші қатардағы рөлдерді Дана Кентай, Данияр Қожаха, Еркебұлан Тоқтар, Мәмбет Қожалиев және Әйгерім Қалмұратова ойнайды.

Теледрама түсірілімі Алматыда өтіп жатыр. Хикаямен бір уақытта үш түсірілім тобы айналысуда, олардың әрқайсысына режиссерлар Шапағат Орынбаев, Анаргүл Ыдрысова және Рахман Кенжебаев жетекшілік етуде.

«Өзгелердің күнәсі» хикаясы «НТК» телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер