È

Алматыда «Тақиясыз періште» комедиялық хикаясы түсірілуде

Алматыда «Тақиясыз періште» комедиялық хикаясы түсірілуде. Қазақстан киносы

Алматыда «Тақиясыз періште» хикаясының түсірілімі басталды. Көпсериялы фильмді «Строя» және «Такая Life» ситкомдарын шығарған «ДК production» студиясымен түсіріліп жатыр.

«Тақиясыз періште» жобасы – анасы баласына келін іздеп жүретін танымал «Q-елі» скетчінің новелласы негізінде түсірілген. Бірақ, жаңа хикаяда басты кейіпкер әйел алып, ата-анасымен бірге тұрады. Отбасының басынан түрлі қызықты жағдайлар өтеді, көрермендер де риза болатын шығар.

Экранға қайтадан бұрынғы кейіпкерлер шығады, ана рөлінде - Жанар Айжанова, отағасы рөлінде - Қуандық Шәкіржанов, ұлының образында - Төкеш Қыран. Ал жаңа түскен келіннің рөлін Kesh You тобының бұрынғы әншісі, Асқар Ұзабаевтың «Гламур для дур» фильмінде актриса болып дебют жасаған Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сомдайды.

«Тақиясыз періште» хикаясының режиссері - Асар Әбілқайыров, қоюшы-операторы - Күнболат Жусанбеков. Түсірілімге сондай-ақ, қоюшы-суретші Дамир Ақашов және дыбыс режиссері Данияр Жұманазар атсалысты. Жобаның продюсерлері - Мақсат Мамраимов, Қуат Садықов және Дархан Тастанов.

Авторлардың айтуынша, хикая 20 күн бойы түсіріледі. «Тақиясыз періште» «Жетінші арнаның» эфирінен 2017 жылдың қазан айының ортасында шығады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Zinesh

22 қазан 2017, 17:57

Я .Уже чувствую ,что будет интересный фильм,раз снимает Асар Абулхйров и такая команда таких полулярных акеров

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса