È

Алматыда «Аға ма әлде неке ме 2» комедиясы түсіріліп жатыр

Алматыда «Аға ма әлде неке ме 2» комедиясы түсіріліп жатыр

Алматыда «Аға ма әлде неке ме 2» отандық комедиясының түсірілімі басталды. Фильм өндірісімен бас продюсері актриса Құралай Анарбекова болып келетін Corich Group компаниясы айналысуда.

«Аға ма әлде неке ме 2» картинасы – 2017 жылы жарыққа шыққан аттас таспаның жалғасы. Бірінші бөлімде Айдар барлық жолмен ғашығы Гаухардың ағаларының көңілін табуға тырысады. Хикая жастардың үйлену тойымен аяқталады. Екінші бөлімде, авторлардың айтуы бойынша, көрермендерді сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен қызықты хикая күтеді.

Фильм кейіпкерлерін тағы да бұрынғы құрам сомдайды: Айдар - актер Дәурен Серғазин, Гаухар – Құралай Анарбекова, ағалары - Әбунасыр Серіков, Мұрат Бисенбин, Бауыржан Қаптағай, Олжас Абай және бұрынғы жігітінің образында – Тәуекел Мүсілім. Ал әзілкеш Нұрлан Сабуров өкінішке қарай, жалғасына қатыспайды.

Сиквелдегі режиссерлік орынға идея авторы әрі сценарист Әлішер Утев («Қазақша кәсіп», «Таиландтағы демалыс», «Қалай да той жасау») ие болды. Картина автордың режиссер ретіндегі дебюті болмақ.

Еске салсақ, «Аға ма әлде неке ме» бірінші бөлімінің режиссері Ернар Нұрғалиев болған. Қоюшы үшін де комедия толық метрдегі дебют болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса