Алматыда «Іңкәр жүрек» хикаясының жалғасы түсіріліп жатыр
Алматыда «Іңкәр жүрек» хикаясының үшінші маусымы түсіріліп жатыр. Режиссерлары - Валерий Задарновский және Гүлбаршын Әбуева. Продюсері - Жеңіс Тұматаев.
Жаңа маусымда Сәуле жаңа мәселелерге тап болады. Бойжеткен жаңа коллекцияны ойластырып жүргенде, аяқ астынан Артур қайтыс болады. Басты кейіпкер бірден Алматыға ұшады. Қайтыс болған кісінің құрметіне жасалған асқа хикаяның бұрынғы кейіпкерлерінің барлығы жиналады.
Картинаның актерлік құрамы ауысқан жоқ. Олар - Гүлшарат Жұбаева, Байғали Есеналиев, Томирис Жанғазинова, Марат Сәрсенбаев, Жанат Тыныбаев және т.б. Қоюшы-операторы - Александр Костылев. Қоюшы-суретші - Нұрболат Жапақов.
«Іңкәр жүрек» хикаясының түсірілім тобы
Хикая түсірілімі қазан айының ортасына дейін жалғасады. Барлығы 20 бөлім болады. Драма «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілмек. Телехикаяның эфирге қашан шығатыны әзірге белгісіз.
Жобаның алғашқы екі маусымы жоғары көрсеткіштерге ие болғандықтан, хикаяның жалғасы ұзақ күттірген жоқ. Драма авторларының айтуынша, үшінші маусым «Іңкәр жүрек» трилогиясының соңғысы болмақ.
Еске сала кетсек, екінші маусымы «Қазақстан» телеарнасында 2016 жылдың желтоқсанында көрсетілген болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін