Алматыда «Бақсы дуасы» психологиялық триллері түсірілді
«Алыстан келген хаттар» мелодрамасының (2009) режиссері Бақтияр Сейтқазиев отандық көрерменді жаңа туындысымен таң қалдыруды жөн көрді. Қоюшы жақында «Бақсы дуасы» психологиялық триллерінің түсірілімін аяқтады.
«Бақсы дуасы» фильмі – жұмыс бабымен Алматыға келген жас жігіт Гизаның басынан өткен хикаялары. Екі аптаның ішінде білгісіз біреу ғаламтор арқылы Гизаны күнәсіз адамдарды өлтіруге итермелейді. Жас жігітке жамандық тілеген кім? Бұл сұраққа кейіпкердің өзі жауап табуға тырысады.
«Бақсы дуасы» фильмінің түсірілімінен көрініс
Картинадағы негізгі кейіпкерлерді Әзиз Бейшеналиев, Еламан Есентаев және Аяна Құсайынова сомдайды. Сондай-ақ, триллерге Ержан Сүлейменов, Кәмила Жүсіпова, Кәрім Қадырбаев, Динара Ысқақова және Оңтүстік Кореядан келген актриса Elley Park түсті.
Түсірілім тобының құрамына қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов, қоюшы-суретші Рустам Мейірманов, грим бойынша суретші Айжан Ордабаева және костюм бойынша суретші, Ресейден келген маман Анастасия Харченко енді.
«Бақсы дуасы» фильмі Алматыда түсірілді. Триллер өндірісімен Tumar film кинокомпаниясы айналысты.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін