È

Алматыда «Последний грех» фильмінің көрсетілімі өтеді

 Алматыда «Последний грех» фильмінің көрсетілімі өтеді

20 қаңтарда Kinopark 11 Essentai IMAX 3D кинотеатрында «Последний грех» («The Last Sin») қысқаметражды кинолентасы көрсетіледі. Нью-Йорк киноакадемиясының үшінші курс студенті жас режиссер Хайруллы-Султана Хисамидің фильмі Official selection DMOFF және Finalist IndustryBoost Competition on IndieWise калифорниялық кинофестивальде үздік картиналар тізіміне енген. Бұған дейін фильм режиссердың туған жері Ақтауда көрсетілген болатын.

«Последний грех» - кешірім мен мейірім туралы фильм. Картинада екі кейіпкер бар – дін қызметшісі және гангстер. Бір қарағанда бәрі түсінікті секілді: олардың бірі тозаққа түседі, екіншісі жұмаққа лайық. Алайда, бәрі біз ойлағандай оңай емес секілді? осы сұраққа көрерменнің өзі жауап іздейді.

Картина Калифорния штатында Мохава шөлінде түсірілді. Түсірілімге актерлер Хосе Розетто мен Рэнди Морис қатысты.

Көрсетілімнен кейін Хайрулла-Султан тек қана өздерін қызықтыратын сұраққа ғана жауап беріп қоймай, «Режиссура және қазақстандағы киноөндірісдің дамуы мен өзектілігі» тақырыбында шеберлік класын өткізеді. Әс-шараға кіру тегін. Басталуы - 19.00.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса