È

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» фестивалі басталады

Алматыда «Бүгінгі француз киносы» фестивалі басталады

Алматыда 22-25 сәуір аралығында «Бүгінгі француз киносы» («Французское кино сегодня») фестивалі басталмақ. Шетел кинематографтарының картиналары көрермендерге «Арман» кинотеатрында көрсетілетін болады. Кинофестивалді Қазақстандағы Франция елшілігінің және Алматы Француз Альянсының қолдауымен UniFrance ұйымы өткізіп жатыр.

Биылғы жылы толықметражды төрт фильмнен бөлек, алматылықтарға 15 кинокартинадан тұратын қысқа метрлі арнайы бағдарламаны таныстырады.

22 сәуір күні сағат 14:00-де фестивальді «Жизнь кабачка» анимациясы ашады. Жас көрермендерге ата-анасы қайтыс болғаннан кейін жетімдер үйін паналайтын бала туралы көрсетеді. Басынан қайғылы жағдайды өткеріп жүрген кейіпкер осы жақта ғашық болып, әрі жаңа достар табады. Кішкентай жүректе бақытты өмірге ұмтылыс пен жарқын болашаққа сенім мен үміт пайда болады.

«Жизнь кабачка» мультфильмінен көрініс

Дәл осы күні сағат 19:00-де «В лесах Сибири» шытырманға толы фильмінің көрсетілімі болады. Басты кейіпкер Тедди қаладағы күйбең тірліктен демалу үшін Байкал көлінің маңында орналасқан лашыққа кетеді. Орманда адасып жүріп, белгісіз бір Алексеймен кездесіп қалады. Бірақ, ол қашып жүрген бұзақы болып шығады.

23 сәуірде сағат 16:30-да «Любовь и страсть. Далида» биографиялық картинасы көрсетіледі. Кинотуынды Далида лақап атымен танымал болған француз әншісі әрі актрисасы Иоланда Джильоттидің өмірі мен шығармашылығына арналған. Бұл оқиға көптеген онжылдықтар бойы талантымен тамсандырып жүрген әйел туралы болмақ

«Любовь и страсть. Далида» фильмінен көрініс

Осы күні кешкі сағат 19:30-да «Если б я была мужчиной» комедиясы қонақтардың көңілін көтереді. Шындығында, әрқайсымыз өзімізді басқа жыныстың рөліне ойша қойып көргеніміз рас қой. Фильмнің кейіпкері осы ойды жүзеге асырады. Жанна еркек болып оянып, қызықты әрі бір түрлі жағдайларға тап болады.

24 сәуірде сағат 19:30-да экранда «Мистер Штейн идет в онлайн» комедиясы көрсетілмек. Пьер – тұл ер адам, оған дәрігер інісі Алекс қарайласып жүреді. Жас жігіттің көмегімен Пьер танысу сайтына тіркеліп, бір қызбен сөйлесіп тұрады. Олардың кездесу күні де жақындай түседі. Бірақ, басты мәселе Пьер өз суретінің орнына Алекстің суретін пайдаланғандығында болып отыр.

«Мистер Штейн идет в онлайн» фильмінен көрініс

Комедиядан кейінгі кезекте сағат 21:00-де «Я и ты» мелодрамасы тұр. Клер – кішкентай қалашықтың жергілікті акушері. Ол жұмыс істеп жүрген перзентхана жабылып қалады. Сонымен қатар, қайтыс болған әкесінің көңілдесі Беатрис пайда болады. Осындай жағдайлармен бас ауыртып жүретін кейіпкердің өмірі суреттеледі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда француз киносының күндері сегізінші рет өткізіліп жатыр. Дәстүрге сәйкес, фестиваль Алматыда басталып, Астанада аяқталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист