È

Алматыда Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

«Қазақфильм» киностудиясының территориясында режиссер, театр және кино актеры, КСРО әрртісі, қазақ кинемотографының әкесі саналатын Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті. Салтанатты шараға киностудия қызметкерлері мен зиялы қауым қатысты: режиссер Сатыбалды Нарымбетов, сценарист Нұрлан Санжар, актер Ерболат Тоғұзақов кинематографистер одағының төрағасы Ахат Ибраев.

Естелік баяндаманы Сатыбалды Нарымбетов және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қаирбеков жасады. екеуі де әртістің қайталанбас тұлға екендігін, оның режиссерлық жұмыстарының ерекшелігін, тұлғаның қазақ киносының өркендеуіне қосқан үлесін баса айтты. Салтанатты шараның соңында Шәкен Кенжетайұлының шығармашылығына арналған музейдің жаңғыртылатыны туралы айтылды.

Қазақтың ұлы тұлғасының шығармашлық өмірі 1933 жылы театр сахнасында басталды, ал 1940 жылы ол Моисей Левиннің «Райхан» картинасына түсті. Шәкен Аймановтың алғашқы режиссерлық жұмысы «Махаббат дастаны» 1954 жылы түсірілді. Жарты ғасырда Шәкен Айманов ұлттық кинемотографияның алтын қорына енген оннан астам көркем фильм түсірді, жүзден астам рөл ойнады. 1970 жылға дейін кинотұлға ұлттық киностудияны басқарды, 1984 жылы киностудияға оның есімі берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Шәкен кежетайұлының 100 жылдығына орай еске алу концерттері, шығармашылық көрмелер өткізіліп, «Шәкен Айманов: адам және аңыз» деректі лентасы түсірілді, режиссеры – Болат Нүсіпбеков.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер