Астанада Қазақстандағы үшінші IMAX зал ашылмақ
Қазақстанда алғашқы IMAX 2009 жылы елордалық Kinopark 7 Керуен кинотеатрында пайда болды. Бірнеше жылдан кенйін 2012 жылы Алматының киномандары да Kinopark 11 Еsentai кинотеатрында осы форматта фильмдер көруге мүмкіндік алды. 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларында Kinopark 8 Сарыарқа (Астана) кинотеатрында үшінші IMAX залы ашылмақ.
Кез келген канадалық корпорацияның залы белгілі бір стандартқа сәйкес салынады. Мұндағы басты ерекшелік - IMAX күрделі техникалық құрылғысын дұрыс жұмыс істеті. Kinopark 8 Сарыарқа да назардан тыс қалмады. Мұнда да күміс жалатылған, көлемі алып иілген экран бар. адам сыйымдылығы да үлкен (237 орын, олардың 48-і өте ыңғайыл орын болып саналады, дыбысы лазерлік, Lino Sonego орынтақтары қойылған.

Бұрын кинематографистер жаңашылдықты аса қолдамаса, қазір белгілі режисепрлер фильмдерді IMAX форматына сай түсіруді қолдайды. Мұнда ең жарқын, танымал, сәтті шыққан картиналар экрандалады, әрбір тұсаукесердің өзі үлкен оқиға. алдағы жарты жылдықа жоспарланған фильмдер: «Доктор Стрэндж», «Фантастические твари и где они обитают», «Изгой-Один. Звездные войны. Истории» және басқалар. Кinopark кинотеатры алғашқы көрсетілімдерді, білімге қатысты жобаларды, түрлі салтанатты шараларды ұйымдастырып. көрстеуді жоспарлап отыр.
IMAX залдарының құрылысы Kinopark 8 Сарыарқа кинотеатрымен шектелмейді. Алдағы жылдары Қазақстанның басқа да қалаларында осындай залдар салу жоспарланып отыр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін