È

Астанада Пусан корей кинофестивалі өтті

Астанада Пусан корей кинофестивалі өтті

Астанада Kinopark 7 IMAX Keruen кинотеатрында Пусан корей кинофестивалі болды. Корей кинематографын жақсы көретіндерге арналған мереке Пусан қаласы халықаралық серіктестік қоры Watermelon Pictures Co. Ltd компаниясының қолдауымен өтті.

Фестиваль аясында астана тұрғындары мен қонақтарына «Кішкентай орман» әсерлі драмасы көрсетілді. Картина айналымға өз отанында биылғы ақпанда шығып, көрермендердің жүректерін жаулап алған. Кинотаспа балалық шағын ауыда өткізген ақкөңіл Хе-вон хикаясы арқылы тарта түсті. Мектеп бітірген соң бойжеткен Сеулге көшіп кетеді. Бірақ, қаладағы өмірге ақыры үйрене алмай, ауылға қайта оралады. Хе-вонның үйінде бақытқа қажеттінің барлығы бар: жеке бақшасы, таза ауа, жүйектер мен бұрынғы достары. Кейіпкер осы жерде тыныштық тауып, жақындарын күнде түрлі тәттілермен қуантуға асық.

Ұйымдастырушылар көрсетілімді тегін өткізді, сонымен қатар әр көрерменге поп-корн мен сусындар сыйлады.

Фильм орыс тіліндегі субтитрлармен өз тілінде ұсынылды.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер