È

Астанада «Киберқорғаушылар» атты хакерлер туралы хикая түсірілуде

Астанада «Киберқорғаушылар» атты хакерлер туралы хикая түсірілуде

Астанада «Киберқорғаушылар» атты хакерлер туралы хикаяның түсірілімі өтуде. Хикая идеясы Дәурен Абаевқа тиесілі, ал режиссерлік орынға жас қоюшы Тоқтар Әубакіров ие болды.

«Киберқорғаушылар» хикаясы «Киберқорғау» (ҚРКБ) құпия ұйымы туралы баяндайды. Генерал Омаров және подполковник Мұратов 6 үздік хакерден тәжірибе бөлімін құруды жоспарлайды. Таңдалғандарға қатаң тәртіп орнаған ҚРКБ-да өмір сүріп, жұмыс істеу керек болады. Бірақ, ережеге сай өмір сүріп үйренбеген жігіттер подполковник Мұратовты әуре-сарсаңға түсіреді.

Картина кейіпкерлерін Омар Ақыш, Мұрат Бисенбин, Төлепберген Байсақалов, Жасын Қанбаев, Әсемгүл Ибраева, Әлішер Мұстафин, Әсел Ташарова және Ақарыс Әшімхан сынды кәсіби және жас актерлар сомдайды.

Көпсериялы фильмнің түсіріліміне қоюшы-оператор Сергей Селищев, қоюшы-суретші Әділ Абабахриев, костюм бойынша суретші Родика Цыгуля асталысты. Ситком продюсерлері - Әлия Бабаева және Жасын Қанбаев, атқарушы продюсер әрі автор - Иван Кинерейш.

Ситком ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Жетінші арнамен» бірігіп, «13 Продакшн» компаниясымен түсіріліп жатыр.

Ситком түсірілімі жақын арада аяқталады. Телекөрермендерге 25 минуттан тұратын 16 бөлім ұсынылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса