«Америкадағы қазақша кәсіп» картинасында қайтадан Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев және Гүлназ Жоланова ойнайды
Жақын арада «Америкадағы қазақша кәсіп» комедиясының түсірілімі басталады. Картина «Қазақша кәсіптің» жалғасы болып табылады және қазақ кәсіпкері Жомарттың жаңа оқиғаларын баяндайды. Фильм продюсері - Нұрлан Қоянбаев, ал режиссері - Жеңісхан Момышев.
Көрермендер «Америкадағы қазақша кәсіп» туындысынан қайтадан Жомарттың рөлінде Нұрлан Қоянбаевты, Аленнің рөлінде Жан Байжанбаевты, Бағдәулет образында Қажет Смағұловты, сондай-ақ, Гүлназ Жоланова мен Әбунасыр Серіковты көретін болады.
Екінші бөлімдегі оқиға Америкада өрбиді. Басты кейіпкер Жомарт қонақүйін халықаралық деңгейге, бес жұлдызды беделге жеткізгісі келеді. Қонақ ретінде әрі қонақүйді бағалауға Америкадан кәсіби маман келеді. Алайда Жомарттың алыс туысы Бағдәулет кіреберістен афроамерикандық жігітті көріп, байқамай «негр» деп атайды. Қорланған ревизор штатқа қайтып кетеді де, қонақүйдің ешқашан жұлдызды беделге ие болмайтынын айтады. Көп ұзамай Жомарт, Ален және Бағдәулет маманның артынан Америкаға аттанады. Кейіпкерлер түрлі қызықты оқиғаларды бастан кешеді, ал көрермендер әсерлі көңіл-күйге бөленеді.
«Қазақша кәсіп» фильмінен көрініс
Топ түсірілімге жақын арада кіріспек. Негізгі көріністер шетелдік актерлардың қатысуымен Лос-Анджелесте түсіріледі. Олардың есімдері кейін белгілі болмақ. Кейбір түсірілімдер Қазақстанда болады. Жалпы, авторлар түсірілімге бір айдай уақыт арнайтынын жеткізді.
Қазақ кәсіпкерінің шытырман оқиғалары үлкен экранға 2017 жылдың қыс мезгілінде жол тартпақ.
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 шілде 2017, 12:54Звучит, прикольно. Но думаю, будет так, что фильм не будет отличаться с игровой тематики. Ну поживем и увидем.
Болат Кисамбаев
4 тамыз 2017, 14:18да, действительно прикольно звучит