«Бойжеткенге» актерлар керек
Режиссер Абдель Фифтибаев және «Alma pictures» продюсерлік компаниясы «Бойжеткен» жастар фильміне кастинг жариялады. Алдағы уақытта түсірілетін кинотаспа махаббат, музыка және сүйікті Алматы қаласы туралы баяндайды.
Фильм авторлары басты және қосалқы рөлдерге актерлар іздеп жатыр. Кастингке 17-25 жас аралығындағы қазақ балалары немесе аралас некеден туылған жасөспірімдер қатыса алады. Үміткерлерге қойылатын басты талап – гитарада ойнай білуі керек. Сонымен қатар, түсірілімге 18-25 жас аралығындағы қазақ қызы немесе аралас некеден туылған бойжеткен қажет. Қосымша рөлдерге түрлі музыкалық аспаптарда ойнай алатын 18-25 жас аралығындағы жастар керек. Арнайы білімі мен түсірілімдегі тәжірибесі маңызды емес.
Айта кету керек, Абдель Фифтибаевтың «Бойжеткен» жобасы өз сағатын бір жылдан аса уақыт күтті. Ақыры, «Alma pictures» продюсерлік компаниясының сценарилер байқауында жеңіске жетті.
Кастинг 17 маусым күні ҚМЭБИ университетінде сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін болады.
Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласа аласыздар: 8 (705) 706-88-19.
Превью: kinostartup.kz
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін