È

Esentai Mall-да «Махаббат бекеті» фильмі көрсетіледі

Esentai Mall-да «Махаббат бекеті» фильмі көрсетіледі

29 және 30 қазанда Esentai Mall сауда ойын-сауық орталығы өзінің туған күнін тойлайды. Іс-шара аясында Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» фильмі көрсетіледі. Осы фильмде Баян Мақсатқызы дебюттық рөлін ойнаған еді.

Сюжет бойынша Гүлназ атты әдемі қызға сыныптастары Орал және Жеңіс деген жігіттер ғашық болады. Гүлназ бен Оралдың арасында нәзік сезім пайда болады. Бірақ айтқанынан қайтпайтын, өзімшіл Жеңіс қайтсе де қызды өзіне қаратпақ.

Салтанатты кештің арнайы қонағы продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы көрермендерге өзінің алғашқы дебюттық рөлі туралы әңгімелеп береді.

Арнайы көрсетілімнен басқа қазақстандық дизайнер Мәншүк Қуанышеваның жұмыстарының көрсетілімі ұйымдастырылады. Ол үш образға арналған көрсетілім ұсынады: әйелдер дефилесі, оған актрисалар Гүлнәр Силбаева мен Динара Бақтыбаева қатысады, және сәнді әкелер мен балалар, оған режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай, режиссер Асқар Бисембин, актер Азиз Бейшеналиев, әнші Жанна Орынбасарова және басқалар қатысады. Меркелік шара қонақтары визажистердің шеберлік кластарына қатыса алады және бағалы сылйқтар ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

Барлық шаралар Esentai Mall ғимаратының екінші қабатында. Кіру, қатысу тегін.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер