Қарағандыда «Рельстер-Шпалдар» мелодрамасының тұсауы кесілмек
Қарағандылық режиссер Андрей Ренкевич «Рельстер-Шпалдар» атты жаңа фильмінің трейлерін ұсынды. Мелодраманың тұсаукесері желтоқсан айының соңында болмақ.
«Рельстер-Шпалдар» - адамдардың түрлі түйіндер мен тығырықтардан тұратын темір жолға ұқсас тағдыры жайында баяндайтын кино. Сюжетте үш жұп басты назарда болады. Кейіпкердің бірі – Паша, ол 16 жасында Америкаға кетіп қалған еді, бірақ кейін туған жері Қарағандыға қайта оралады. Ол алғашқы махаббатын ұмыта алмады.
Сценарий авторы - Екатерина Сидоренко, Андрей Ренкевич Екатеринамен бірге «Аман қалудың сабақтары» мен «Жаза құқығы» атты екі толық метрін бірге түсірген.
Фильмдегі басты рөлдерге Кирилл Пловайко және Анастасия Почепцова ие болды.
Мелодрама түсірілімі биылғы жылы тамызда өткен. Оған 40 адам қатысты.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін