È

Қазақстанда отандық фильмдерді көру үшін абонемент енгізуі мүмкін

Қазақстанда отандық фильмдерді көру үшін абонемент енгізуі мүмкін

Ұлттық кітапханада «2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы кинемотографияны дамыту концепциясы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Отырысқа басшылық еткен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Арнайы шақырылған маман кинематографист Тимур Бекмамбетов.

Қазақстандық киноны дамыту мәселесін талқылау барысында режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов фильмдерді көруге арнайы абонемент енгізуді ұсынды.Кинематографистің айтуынша, қазақстандық фильмнің билеті оны түсіруге кеткен шығынға сәйкес болуы керек. 920 теңге деген баға бір билет үшін қымбат дейді Бекмамбетов.

Шақырылған қонақтың ойынша, абонементті айына 10-15 ұлттық киноға баруға енгізген жөн. Бұл көрерменнің киноға баруына әлдеқайда жеңілдетіп, қалтасына салмақ түсірмей, жаңа аудиторияның қалыптасуына мүмкіндік берер еді. Мұндай жаңашылдықты Мәдениет министріліг мен басқа да әріптестері қолдай ма, әзірге белгісіз.

Дөңгелек үстелдің жұмысына басқа да кинематографистер, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, еліміздің ғалымдары мен зиялы қауым қатысты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Нұрлан Әлімжанов

Актер