È

Қазақстанда «Сезімдер фабрикасы» атты алғашқы тәуелсіз мультфильм түсірілді

Қазақстанда «Сезімдер фабрикасы» атты алғашқы тәуелсіз мультфильм түсірілді

Келесі жылы айналымға «Сезімдер фабрикасы» отандық анимациясы шығады. Жоба RIO ANIMATION студиясымен үш өлшемді графикада өндірілген алғашқы тәуелсіз мультфильм болды. Картинаның қоюшы-режиссері - Дамир Құтбаев, продюсері - Серік Балтабаев.

Картинадағы оқиға жан-жануарлар топтастырылған қалада өрбиді. Кезінде барлығы бір-бірімен өштесіп жүретін еді, кейіннен бір профессор жағымды көңіл-күй сусынын дайындайтын сезімдер фабрикасын құрады. Уақыт өте келе жануарлар өз сезімдерін бақылауды үйренеді, ал фабрика жабылып қалады. Шығынға ұшыраған профессор жағымсыз көңіл-күй формуласын жасауды ұйғарады, бірақ жоспарының күл-талқаны шығады. Ондаған жылдан соң профессордың ісін бір жауыз жалғастыруды көздейді, оны қарапайым қой Макс тоқтатуға тырысады.

«Сезімдер фабрикасы» - RIO ANIMATION студиясының алғашқы толықметражды жобасы. Анимация motion capture – қозғалысты басқару техникасының көмегімен жасалды. Қазіргі таңда дыбысталу жұмыстары жүргізілуде. Мультфильм кейіпкерлерін эстрада мен кино жұлдыздары дыбыстайды. Басты кейіпкерлер Мақпал Исабекованың және Нұрлан Албанның дауыстарымен сөйлейтін болады. Сонымен қатар, Мақпал саундтрегін орындайды», - деп түсіндірді Дамир Құтбаев.

Сценарийін CapsLock креативті тобы жазды. Өндіріс жұмыстарымен аниматорлардан және 3D-модельдеу суретшілерінен құралған кәсіби топ айналысты, олар - Қуат Қобжанов, Бекдос Төлеубеков, Абылай Балтабай, Дастан Бауыржан, Еркеғали Құтбаев, Санат Муфтадин және Елмурод Шоимқұлов.

RIO ANIMATION студиясы 2013 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп келеді. Бастапқыда компания жарнама, таныстырылым және анимациялық бейнероликтерін өндірумен айналысқан болатын. Кейіннен студия мамандары заманауи жаңа технологияларды меңгеріп, 3D-графика бөлімін ашады. RIO ANIMATION-ның 3D форматындағы алғашқы анимациялық жобасы 2015 жылы жарық көрген «Сәлем, Астана!» телехикаясы болды.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Лариса Ткаченко

20 қараша 2017, 13:55

Капкарашку не узнала-беленький стал. только по голосу узнала.

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер