È

Қазақстандық айналымға «Ван Гог. Махаббатпен Винсент» фильмі шығады

Қазақстандық айналымға «Ван Гог. Махаббатпен Винсент» фильмі шығады

Қазақстанда XIX ғасырдағы суретші Винсент Виллем Ван Гогтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ван Гог. Махаббатпен Винсент» толықметражды анимациялық фильмі көрсетілмек. Кинотаспа отандық айналымға шамамен 2017 жылдың қараша айында шықпақ.

«Ван Гог. Махаббатпен Винсент» фильмі – таланты қайтыс болғаннан кейін бүкіл әлемге танымал болған әйгілі суретшінің шығармашылық әлеміне жасалған керемет саяхат. Жаңа технология мүмкіндіктерінің арқасында көрермен Ван Гог картиналарының кейіпкерлерімен жақынырақ танысады. Картиналар өзінің авторы туралы сыр шертеді. Кино барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады, атақты суретшінің өмірі мен өлімінің құпияларын да жайып салады.

Айта кету керек, «Ван Гог. Махаббатпен Винсент» картинасы - 56 800 көріністері майлы бояу кенебі арқылы қолмен салынған әлемдегі алғашқы анимация. Оған 100-ге жуық суретші атсалысқан. Сценарий авторлары әрі режиссерлері Дорота Кобиела мен Хью Уэлчман болды. Ал таспаның өндірісімен «BreakThru Films» және «Trademark Films» компаниялары айналысқан. Жобаны қаржы жағынан Польша киноөнер институты қолдады.

Бүгінгі таңда көпшілігі картинаны асыға күтуде. IMDb (Internet Movie Database) және «КиноПоиск» киносайттарында күтілу рейтингі 100%-ды құраған, ал ресми тизері 11 миллион көрсетілімге ие болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер