È

ҚазҰӨА-да «Рухани жаңғыру аясындағы заманауи кино өнері» халықаралық конференциясы өтеді

ҚазҰӨА-да «Рухани жаңғыру аясындағы заманауи кино өнері» халықаралық конференциясы өтеді

30 сәуір күні сағат 10:00-де Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да «Рухани жаңғыру аясындағы заманауи кино өнері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Шара Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан кинопедагогикасының негізін қалаушы, профессор, Бауыржан Нөгербектің туғанына 70 жыл толуына орай өткізілмек.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Шыңғыс Айтматов және кино: классика экрандауына қатысты сұрақ», «Медиакеңістіктегі көптеген ұқсастық» және «Заманауи мұрағатты кинотану ерекшеліктері» тақырыптарына байланысты шеберлік сағаттары өтеді.

Семинарларды Ресейлік мәдениеттану жаңа институтының директоры Кирилл Разлогов, БМКИ кино өнері ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Валерий Фомин және FIPRESCI мен NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушева өткізеді.

Соңында «Киноман» киноклубы Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмін көрсетеді. Көрсетілімнен соң БМКИ-дің ғылым кандидаты Нина Кочеляевамен картинаны талқылайтын болады.

Конференция ұйымдастырушылары - «Кино және ТВ» факультеті, «Өнертану» факультеті, ҚазҰӨА жанындағы «Кино теориясы мен тарихы» кафедрасы.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер