ҚБТУ-да «Завтра море» фильмінің көрсетілімі өтеді
23 желтоқсанда ҚБТУ-дың дөңгелек залында Катерина Суворованың «Завтра море» деректі фильмі көрсетіледі. Режиссер өзінің жұмысын көрермендерге өзі таныстырып, кинолента туралы әңгімелеп береді.
«Завтра море» фильм Арал өңіріндегі тіршілік жайлы. Экологиялық апаттан кейін, небір қиындықтарға қарамастан жергілікті халық сол жақта өмір сүріп, армандайды. Сюжетте бүгінде жоқ болып кеткен теңіз туралы баяндайтын төрт оқиға қамтылған.
Деректі фильмді түсіруге неміс операторы Евгений Шлегель, монтажер Азамат Алтыбасов және дыбыс режиссеры Игорь Гладкий атсалысты. Музыкалық өңдеуімен композитор Эльдар Таги айналысты. «Завтра море» фильмі Роберт Бош қоры және меценат Шыңғыс Құлжановтың қолдауымен түсірілді.
«Завтра море» фильмінің қазақстандық тұсаукесері осы жылдың қазан айында өткен болатын, ал әлемдік тұсаукесері тамызда Швейцариядағы Locarno International Film Festival фестивалінде болды. Биыл картина Чехиядағы ХКФ В «Қазылар алқасының арнайы жүлдесіне» ие болды.
Фильмнің көрсетілімі 23 желтоқсанда сағат 19.00-де ҚБТУ кинозалында. Кіру тегін. Алдын ала тіркелу керек.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін