È

Мәскеуде Шәкен Аймановтың «Атамекен» фильмінің көрсетілімі болады

Мәскеуде Шәкен Аймановтың «Атамекен» фильмінің көрсетілімі болады. Қазақстан киносы

26 сәуір күні Мәскеуде Мемлекеттік Третьяков галереясында Шәкен Аймановтың «Атамекен» фильмінің көрсетілімі болады. Көрсетілім «Оттепель: лицом к будущему» фестивалінің «Соғыс аяқталды» арнайы кинобағдарламасы аясында өтеді. Казақстандық фильмнен бөлек галереяда Венгрия, Италия, Литва, Польша, Украина, Эстония және т.б. мемлекеттерден келген картиналар ұсынылады.

«Атамекен» фильмінде Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезең суреттеледі. Атасы мен немересі қазақ даласынан шығып, баласы жерленген Ленинградқа аттанады. Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, қайтыс болған адамның денесі өз туған жерінде жерленуі тиіс. Алайда, кейіпкер бейіт орналасқан жерге келіп, баласының достары арасында жайлы жатқандығына көз жеткізеді. Көрермендерге кейіпкерлер арқылы соғыстан зардап шеккен халық пен қиын заманның бейнесін ашып көрсетеді.

Басты рөлдерде актерлар: Елубай Өмірзақов, Мұрат Ахмадиев, Юрий Померанцев және т.б. ойнады.

«Атамекен» көркем фильмі 1966 жылы «Қазақфильм» киностудиясының негізінде түсірілген. Картинаның қоюшы-режиссері - кеңес кезеңінің актері, режиссер, сценарист, қазақ кинематографының негізін қалаған Шәкен Айманов. Сценарийін Олжас Сулейменов, ал музыкасын композитор Еркеғали Рахмадиев жазды.

Атап өту керек, «Атамекен» фильмі 1966 жылы Германиядағы ХКФ-де «Үздік режиссерлік шешім» номинациясын иеленген, ал Орта Азиядағы IV фильмдер көрсетілімінде «Тау хрусталі» басты сыйлығын алып, «Үздік сценарий» дипломымен марапатталған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер