È

«Сиситай» мюзикліне Мәскеуден келген хореографтар атсалысты

«Сиситай» мюзикліне Мәскеуден келген хореографтар атсалысты

Shine production продюсерлік орталығы «Сиситай» фильм-мюзиклінің постерін ұсынды. Кинотаспа айналымға Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз күні шығады.

«Сиситай» - Сиситай (Әйгерім Мергенбаева) деген ерекше есімі бар бойжеткен туралы қызықты хикая. Кейіпкер әкесінің қарсылығына қарамастан, әнші болуды армандайды, барлығына өзінің осал еместігін дәлелдеуге тырысады. Продюсер Алиса Мақсұтқызымен танысқаннан бастап, бойжеткеннің өмірі күрт өзгереді.

Көрермендер фильмнен 10-ға жуық музыкалық көріністі тамашалайтын болады. Авторлардың айтуынша, олар фильмге хореографовты ұзақ іздеген. Нәтижесінде, би сахнасы қойылымын Мәскеу мамандары Александр Тронов пен Татьяна Дельцоваға сеніп тапсырды.

Мюзикл жұмысы 2017 жылдың қазан айының соңында басталған. Түсірілім Алматыда өтіп, 35 күнге созылған.

Картина режиссері - Ернар Нұрғалиев, ол үлкен киноға «Аға ма әлде неке ме» комедиясы арқылы келген. Жобаның бас продюсері - Баян Алагөзова.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Igor Yug

13 февраля 2018, 11:38

Ребята, там еще появились более откровенные постеры! Почему вы про меня не пишете(((

Мырзахмет

17 февраля 2018, 02:08

Мне как то не интересен сюжет с первых триллера был.

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер