«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі прокатқа шықты
«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи фильмі прокатқа шықты. Отандастарға кинолентаның түпнұсқа қазақ тілді және орыс тілді нұсқасы ұсынылады. Дубляжбен және аудармамен айналысқан режиссер әрі сценарист Айхан Чатаева.
«Қазақстандықтарға картинаның орыс тілді нұсқасы ұсынылады. Түсірген картинамыздың еліміздің әрбір тұрғынына түсінікті болуы біз үшін маңызды. Фильмді дубляждау – екінші тынысын ашу деген сөз. Аударған кезде мағынасын сақтап, тере диалогтарды жеткізе алдық деп ойлаймын», - дейді картина режиссеры Рүстем Әбдрашев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайтын «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картинасы түпнұсқасында 10 сериядан тұрады. в оригинале представляет 10-серийный фильм, повествующий о становлении Казахского ханства. Кинонұсқасын жасау идеясы Іңкар Әбдраш пен Рүстем Әбдрашевке тиесілі.
«Экаранда өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар оқиға көрсетіледі. Бұл жоба жай ғана көркем фильм емес, бұл біздің халқымыздың бүтінбдей бір тарихы, мұны еліміздің әрбір азаматы білуі тиіс. Жобаның кинонұсқасына продюсер болуды маған сеніп тапсырғандардың бәріне алғысым шексіз», - деді продюсер әрі актриса Іңкар Әбдраш.
Картинаны жасаушылар қазақстандықтарды тек жобаның масштабтығымен хана емес, ерекше музыкалық сүйемелдеуімен де таң қалдырады. Компазитор Абулхаир Жарасқанның айтуынша, фильмде 25-тен астам композиция орындалады.
«картинаға арнайы жазылған музыкалардан бөлек атақты Қорқыт, Қазанғап кекілді ұлы компазиторлардың көне шығармалары да қолданылды. Олардың шығармалары бекерден бекер таңдалып алынған жоқ: ол композитор қзақ халқының көшпелі кезеңінен хандық құрғанға дейінгі уақытта өмір сүрген. Біз XV ғасырларда болған барынша көне музыкаларды табуға тырыстық», - дейді композитор.
Үлкен экранда көрермендер Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтан Керей (Қайрат Кемалов) мен Жәнібекті (Еркебұлан Дайыров), олардың ұлы Қасымды (Мейірғат Амангелдин) және Бұрұндықты (Аян Өтепбергенов), Әбілқайыр ханды (Досқан Жолжақсынов) және басқа да тарихи тұқлғаларды көре алады.
«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетулі кесетсін нақтырақ кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін