È

Семейде ALASH қысқа метр фестивалі өтеді

Семейде ALASH қысқа метр фестивалі өтеді

10-12 мамыр аралығында Семей қаласында алғашқы ALASH қысқа метр фестивалі өтеді. Кинокөрсетілім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болады.

ALASH кинофестивалі еліміздегі тәжірибелі және жас кинематографшылардың арасында өтеді. Байқаудың басты мақсаты – Шығыс-Қазақстан облысының кино өнеріне назар аударту, сондай-ақ аталмыш аудандағы кинематографты дамытуға үлес қосу. Фестивальдің авторы әрі директоры - Райымбек Төлеуғазы.

Байқауға бүкіл республика бойынша ойнамалы қысқаметражды таспалар қатыса алады. Ұсынылған фильмдердің хронометражы 20 минуттан аспауы тиіс. Жанр мен тақырыпқа шектеу жоқ. Өтініштерді қабылдау 2018 жылдың 9 сәуіріне дейін жалғасады.

ALASH фестивалі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде арнайы комиссия фильмдерді байқау бағдарламасына іріктеп алады. Екінші кезеңде картиналар көрсетілімі болып, жеңімпаздар анықталады.

Үздік жұмыстар 8 аталым бойынша таныстырылады: «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік әйел рөлі», «Үздік ер адам рөлі», «Композитордың үздік жұмысы», «Үздік монтаж» және «көрермендер көзайымы». Сонымен қатар, қатысушылар демеушілерден арнайы жүлделер мен естелік дипломдарға ие болады.

Қатысушылар фильм мен түсірілім тобы жайлы мәліметтерді және байланыс нөмірлерін erke_rej@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Қосымша ақпарат бойынша мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(775) 966 80 09, 8 (702) 552 45 98, 8(778) 466 36 63.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер