«Женатики» сериалына вайнер қыздар түсуде
Алматыда «Женатики» телесериалының түсірілімі жүріп жатыр. Идея авторлары және продюсерлері Даут Шайхисламов және Сәбит Рахимбеков.
Комедиялық фильмнің түсіріліміне Желіде жақсы танымал апалы-сіңлілі -вайнер қыздар Әмина мен Әдина Малғаждар қатысуда. Қыздар фильмдегі бас кейіпкерлердің бірі Айбынның қыздарының рөлінде ойнады.
«Бізге сериалдың кастинг-директоры хабарласып кастингке шақырды. Бірінші күні-ақ қыздарды рөлге бекітті. Олар осы рөлге лайық деді», - дейді кішкентай актрисалардың анасы Арай Малғаждар.

Апалы-сіңлілі Малғаждар
Оның айтуынша, қыздар кішкене кезінен камераның алдында жұмыс істеуге дағдыланған және бұл олардың алғашқы жобасы емес.
«Түсіру алаңында олар өздерін жақсы ұстайды, еркелемейді. Кейде Әдинаның аздап қырсығатыны бар. Әсіресе түнгі түсірілімдер оларды шаршатады. Біз түсірілім алдында үйде сценарийді оқып алуға тырысамыз. Бірақ көбінесе түсірілім алыңында жаттауға тура келеді, өйткені мәтіндері аса көп емес және күрделі емес».
Малғаждар отбасының болашаққа деген жоспарлары көп. Олардың ең бастыларының бірі Әминаның Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсуі. много.

Нұрдәулет Шертім
«Мен кейіпкер Айбынның рөлінде ойнаймын, ол өзінің отбасын барынша қамтамасыз етуге тырысады. Ол қыздары мен әйелін қуанту үшін небір әрекеттерге барады. Ал Әмина мен әдина рөлде жақсы ойнайды. Екеуінің іртістігі жоғары, пысық, айтқаныңды бірден қағып алады. Әрине, олар әлі бала ғой, сондықтан кейде қиындықтар да болып жатады. Бірақ олардың мүмкіндіктерінің жанында бұның бәрі ұсақ-түйек дүние. меніңше, жақын бошақата қазақ киносында жаңа жарық жұлдыздар жарқырайды», - дейді ікенің рөлінде ойнайтын актер Нұрдаулет Шертім.
Жоба авторларының айтуынша, сериал келесі жылдың көктемінде экранға шығады.
Превью: Voxpopuli






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін