È

Шымкентте «КиноАрт» әуесқой кинофестивалі өтеді

Шымкентте «КиноАрт» әуесқой кинофестивалі өтеді

Шымкентте V «КиноАрт» әуесқой кинофестивалі басталмақ. Кинокөрсетілім 1 наурыз күні Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде болады.

«КиноАрт» фестивалі 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Байқау аясында еліміздің жас кинематографшыларының қысқаметражды картиналары көрcетіледі. Фестивальдің басты мақсаты – жас дарындарға қолдау білдіру.

Байқауға қатысушыларды Қазақстанның мәдениет пен кино қайраткерлерінен құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар келесі аталымдар бойынша анықталады: «Үздік сюжет», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік ер адам образы», «Үздік әйел образы», «Екінші қатардағы үздік актер», «Үздік сценарий», «Үздік монтаж» және «Үздік музыкалық композиция».

Республикалық «КиноАрт» әуесқой кинофестивалін режиссер Еркебұлан Жолдасов («72 сағатта үйлену», «Фуга: Ешқайда апрамайтын жол») ұйымдастырып келеді.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

26 февраля 2018, 20:19

Интересно!

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер