È

Шымкентте «Менің атым Вальдемар» фильмі түсірілуде

Шымкентте «Менің атым Вальдемар» фильмі түсірілуде

Шымкентте «Менің атым Вальдемар» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Жобаның режиссері - былтырғы жылы «Жұт» қысқа метрін түсірген Жандос Еспенбетов.

Сюжет бойынша жалғызбасты бақша күзетшісі Жүніске Берлиннен ұлы келеді, баласы Жүніс Германияда әскери қызметте болған кезде дүниеге келген екен. Жігіттің аты – Вальдемар. Жас жігіт ауылға жаңа технологияларды енгізіп, тіпті неміс тілінің мұғалімі Жібекке ғашық болып қалады. Енді Вальдемарды бір сұрақ мазалайды: Қазақстанда қалу қажет пе немесе Берлинге оралу керек пе?

Таспа түсірілімі Шымкент қаласының Балықты ауылында өтіп жатыр.

«Біз сценаристермен бірге болашақ фильмнің идеясы жайлы ұзақ ойландық. «Менің атым Вальдемар» аты бізге дауыл кезінде келді», - дейді Жандос Еспенбетов.

Екі ай бойы сценариймен Рүстем Арсланов, Қайрат Мамрайымов, Жәмит Көшербаев айналысты.

Картинадағы рөлдерді Жүсіп Ақшора, Асан Мәжит, Жазира Еркін, Қуандық Шәкіржанов сомдайды.

Вальдемар рөлін дебютант актер Израель Беркман ойнайды.

Режиссердің айтуынша, комедиялық таспаның тұсаукесері келесі жылдың көктеміне белгіленіп отыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер