È

Кинорежиссер Абдулла Қарсақбаевты еске алу кеші

Вечер памяти кинорежиссера Абдуллы Карсакбаева

2 қазанда Bekmambetov Cinema кинотеатрында қазақ кеңес режиссеры, атақты «Менің атым )ожа» фильмінің режиссеры Абдулла Қарсақбаевты еске алу кеші өтеді. Іс-шара корифейдің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Абдулла Қарсақбаев - ұлттық кинемотографияның ұлы қайраткерлерінің бірі, ҚСРО еңбек сіңірген қайраткері, СССР кинемотографистер одағының мүшесі, бүкіл Кеңес одағына танымал 7 фильмнің авторы. Олар: «Погоня в степи», «Алпамыс мектепке барады», «Тревожное утро» және әрине, Канн фестивалінің арнайы жүлдесіне ие болған лента «Менің атым Қожа».

«Менің атым Қожа» фильмінен кадр

Режиссеғрдың замандастары мен әріптестерінің айтуынша, Абдулла Қарсақбаев әрқашанда жаңа оқиғаларды баяндап, жаңа фильмдер шығаруға деген ынтасы керемет болатын. Алайда сол кездегі билікке аса жақпаған корифей өзінің арманы - Ільяс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын экрандауды жүзеге асыра алмай өтті.

Кеш қонақтары мерейтой иесінің туыстары, киностудия өкілдері, отандық кинемотография көрнекті өкілдері, олардың ішінде Асанәлі Әшімов, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстан Республикасының халық әртісі Досхан Жолжаксынов, Қазақстан Республикасының халық әртісі Құман Тастанбеков, ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешева және басқалар.

Сонымен 3-5 қазан аралығында Абдулла Қарсақбаев жұмыстарының ретроспективасы көрсетіледі. Көрсетілім Bekmambetov Cinema залында көрсетіледі.

Көрсетілім кестесі:

Күні

Уақыты

Фильмдердің атауы

3 қазан

 

10:00

«Менің атым Қожа»

11:30

«Балалық шаққа саяхат»

4 октября

 

10:00

«Алпамыс мектепке барады» (каз.)

11:30

«Погоня в степи» (рус.)

5 октября

 

10:00

«Соленая река детства» (каз.)

11:15

«Подлинно народный» (режиссер Тохтар Карсакбаев)

 

Еске алу кешінің басталуы - 16:00-де.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер