Ғажайып үштік «Желіде»
Белгілі сәнбике әрі тележүргізуші Екатерина Краснова Media LAB technology студиясымен бірге «В сетях» драмасының түсіріліміне кірісті. Продюсері де, сценаристі де тележүргізушінің өзі. Сценарийге Юлия Хазиахметова да атсалысты. Режиссеры Татьяна Нам, оператор - Иван Сковиков.
«Өзімді кинемотографта сынап көру идеясы баяғыдан ойымда жүрген болатын. Медия саласының адамы ретінде маған көрерменнің комедия емес, драма жанрын қалай қабылдайтыны қызық. Фильмнің идеясын жарты жыл бойы ойластырдым», - дейді Екатерина Краснова.
«В сетях» әлеуметтік желілерге тәуелділік секілді заманауи мәселелерді қозғайды. Фильмнің негізінде - стилистің өміріндегі бір кеш.обас кейіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас әлеуметтік желі арқылы көрсетіледі.
Актерлер құрамы өте қызық. Картинада махаббат үшбұрышын Айсұлу Әзімбаева, Динара Бақтыбаева және Санжар Мәдиев құрады. авторлардың айтуынша, осы үштік қана кейіпкерлердің нәзік эмоцияларын көрерменге жеткізе алады. Сондай-ақ фильмге тележүргізуші Фима Иванов, Ульяна Амент және театр актеры Дмитрий Хольцман қатысады.
Фильмнің ұзақтығы 90 минут. Күз мезгілінде жарыққа шығады деп күтілуде
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін