È

Канн кинофестивалінде алғаш рет Қазақстан павильоны ашылмақ

Канн кинофестивалінде алғаш рет Қазақстан павильоны ашылмақ. Қазақстан киносы

70-Канн кинофестивалінде алғаш рет еліміздің киноөндірісі таныстырылатын Қазақстан павильоны ашылады. Оның ашылуына түрті болған және ресми операторы болып саналатын «Ұлттық Кинематографиялық мәдениет және ғылым академиясы» қоғамдық ұйым. Отандық павильон «Le Village International» арнайы алаңқайға орналастырылады.

«Қазақстан павильонының ашылуына Ұлттық Кинематографиялық мәдениет және ғылым академиясы түрткі болды. идея жаңадан туындаған жоқ, Қазақстанды Канн кинофестивалінде таныстыру көптен бері ойластырылып жүрген еді. Қайбір жылдары бұл іспен «Қазақфильм» киностудиясы айналысқан. Бір рет біздің еліміз осы фестивальде таныстырылған, бірақ ол Ресей павильонының аясында болатын. Біз 2015 жылдың мамыр айында жеке алаңқайымыздың ашылуы жайында келіссөздер жүргіздік. Мен Канн кино нарығының жетекшісімен жеке кездесіп, өз павильонымыздың болуы үшін қандай талаптарды орындау керектігі жөнінде сөйлестім. Нәтижесінде барлығын 2016 жылға жасап үлгермегендіктен, барлық дедлайндарды өткізіп алдық. Сондықтан Каннан стенд алып, келіссөзді жалғастырдық. 2017 жылдан бастап Канн фестивалі әкімшілігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен еліміз өзіндік алаңқайға ие болатын болды. Оператор ретінде біздің академиямыз кинематографтарымызға шетелдік әріптестермен кездесуге әрі жобаларды дамытуға арналған орындарды бөлуде. Алаң тек кинокомпанияларға ғана емес, сонымен қатар, кино желілерге, кино айналымымен айналысатындарға беріледі. Қазақстан павильоны өзіміздің кинематографтарымыз бен киноөндіруші компанияларға тегін ұсынылады»,-деді «Ұлттық Кинематографиялық мәдениет және ғылым академиясы» қоғамдық ұйымының президенті Рашид Нұғыманов.

Рашид Нұғыманов

Аталмыш павильонның бюджеті шамамен есептегенде – 40 мың евро. Мемлекеттің еншісінде 30% болса, қалған қаражатты жекеменшік мекемелер бөлген. Ортақ бюджетке шатырды, жиһаздарды және қажетті құрал-жабдықтарды жалдау кіреді.

Қазақстан павильонының халықаралық кино нарығындағы директоры продюсер Анна Качко болды. Оның ойынша, павильонның ашылуы – отандық кино қайраткерлері үшін таптырмас мүмкіндік.

«Канн кинофестивалі орталық кино оқиға болып табылады. Бұл жерге бүкіл әлемнің танымал әрі белсенді кино қайраткерлері келеді. Өйткені, Канн кинокөрсетілім, әлемдік кино жұлдыздарымен кездесу, басқа кинофестивальдерде жоқ «Le Village International» алаңы секілді керемет мүмкіндіктерді сыйлайды. Бүгінде бұл қалашықта 40 мемлекет ұсынылған. Қуанышқа қарай, Қазақстан өзінің құрметті орнын тапты. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің кино ұйымдарын нығайту, оларға өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік беру. Отандық кинематографтар павильон алаңында роликтер мен трейлерді, жобаларының тұсаукесерлерін көрсете алады»,-деп қосты продюсер.

Анна Качко

Еске сала кетсек, Канн кино нарығының талаптары бойынша, алаңқай үш жылдан кем емес жұмыс істеп келе жатқан, жалпы ұлттық айналымға шығарған бір фильмі бар компаниялар мен студияларға беріледі.

Бағдарламаны толтыру мен каталог құруға Қазақстан павильонының продюсері Анна Чакиртова жауап береді. Ол өз кезегінде жергілікті кинематографтарға деген өкпесін білдірді:

«Бүгінгі таңда академия ұсынған каталогқа кино өндіретін 28 компания кірді: «Қазақфильм», «Қадам», «Short brothers», сондай-ақ, өз қызметтерін ұсынатын 15 компания: «Nomad Stunts» каскадерлік тобы, «Кубик» компьютерлік графика студиясы және т.б. Айта кететін жайт, біз алаңқайдың ашылуына түрткі болғандықтан, бұл компаниялардың өкілі емеспіз. Біздің мақсатымыз – олардың өз жобаларын көрсетуіне, қажетті кездесуді ұйымдастыруға және тұсаукесер өткізуге орын ғана береміз. Павильон аясында картиналар көрсетілмейді, оларды кинокомпаниялар өз қаржыларына ұйымдастыра алады. Канн фестивалін аясында ашылған павильон туралы наурыз айының басында хабарлаған болатынбыз. Алайда, біздің ұсынысымызға тек аз ғана компания қабыл алды. Бұл әрине, қуантарлық жайт емес. Өйткені, жылдар бойы Халықаралық Канн фестивалінің біздің кино өндірісіміз үшін маңызы зор деп айтамыз. Алайда, оны көпшілігі түсіне бермейтін сияқты.

Елена Ларионова, Анна Чакиртова, Рашид Нұғыманов және Анна Качко

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара бағдарламасы енді ғана жазылуда, сондықтан өз роликтерін Канн фестиваліне ұсынғысы келетіндердің әлі де өтініш беруге уақыты бар. Өтініштер мен ұсынытарды қабылдау 30 сәуірге дейін ашық.

Еске сала кетсек, Халықаралық 70-Канн кинофестивалі 17-28 мамыр аралығында өтеді. Биылғы жылы «Short Film Corner» арнайы бағдарламасында Қазақстан режиссерларының 7 қысқаметражды фильмдері таныстырылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер