È

New York Film Academy алғаш рет Алматыда семинар өткізеді

New York Film Academy алғаш рет Алматыда семинар өткізеді

Алматыда алғаш рет Нью-Йорк киноөнер академиясының мамандарынан сценарлық шеберлік және продюсерлік бойынша практикалық семинар ұйыцмдастырады. Білім беру шарасы 20178 жылдың 8-9 сәуірде өтеді.

Дәріс барысында семинар қатысушылары аталған мамандандықтарды терең зерделеп, америкалық киноөндіріс пен телевидение жүйесінің стандарты бойынша продюсерлер мен сценарийстердің жұмыс істеу қағидасымен таныса. алады

7 сәуірде алғашқы танысуға арналған кездесу және практикалық шеберханаға кіріспе.

8 сәуірде «Креативті продюсерлік» және «Киноға арналған сценарлық шеберлік» тақырыптары бойынша семнар өтеді.

9 сәуірде - «Продакшн менеджмент» және «Телевидениеге арналған сценарлық шеберлік» тақырыптары қозғалады.

Пол Браун

Қызықты курстарды Нью-Йорк киноөнер академиясының үздік ұстаздары - Пол Браун мен Лидия Седроне жүргізеді. Өткен жыл дәл осындай семинарды олар мәскеуде өткізді.

Пол Браун - сценарист әрі продюсер, «Глобус» және «Эмми» жүлделерінің бірнеше мәрте иегері, «Эдгар» жүлдесінің лауреаты. 20 жылдық кәсіби тәжірибесінде ол «Секретные материалы», «Квантовый скачок», «Звездный путь: Энтерпрайз» сериалдарының жәнеАмерика мен Еуропада кассалық табыс жағынан көшбасшы болған «Рок в летнем лагере» фильмінің сценарийін жазған.

Лидия Седроне - кинопродюсер, Лос-Анджелесте NYFA көркем фильмдер өндірісі бөлімін басқарады.Ол The Walt Disney Co., Trimark Pictures, Savoy Pictures компанияларында жұмыс істеген. «Преданные» және «Память» секілді екі толықметражды картинаны шығарған.

Лидия Седроне

Нақтырақ ақпаратты www.nyfa.kz сайтынан оқи аласыздар.

New York Film Academy оқу орнының Қазақстандағы өкілі Әсел Зоидің байланыс нөмірлері: 8 (777) 212- 63-91, 8 (708) 915-67-45 (Азиза).

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

13 наурыз 2017, 20:04

отличная возможность для начинающих кинематографистов.

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер