È

Брінші рет «Тұлпар» киножүлдесі беріледі

Брінші рет «Тұлпар» киножүлдесі беріледі

Кинемотография өнері мен ғылымының ұлттық академиясы алғашқы «Тұлпар» киножүлдесіне үміткерлердің өтінішін қабылданатыны туралы жариялады. Кинемотограф саласындағы жүлдені биыл Кинемотография өнері мен ғылымының ұлттық академиясы тағайындады. Академия президенті режиссер Рашид Нұғманов.

Байқауға қатысуға отандық кинокартиналар өтініш бере алады, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 31 тамызына дейінгі шыққан фильмдер қатысуына болады. Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады,

«Тұлпар» - қазақстандық киноның өркендеуіне елеулі үлес қосуға атсалысқан жандарға беріледі.Киножүлденің мақсаты - отандық кинемотографты қолдау жерлестеріміз бен шетелдіктерге төл киномызды насихаттау, ұлттық киноөндіріске қолдау білдіру.

Рашид Нұғманов

Жүлде Академия өкілдерінің құпия түрде дауыс беруімен жыл сацын жеңімпазды анықтап, жүлдені тапсырады. Байқаудың алғашқы жылы келесі аталымдар бойынша жүлделер тағайындалады.

  • Үздік ойын фильмі;
  • Үздік режиссерлық жұмыс;
  • Үздік сценарий;
  • Үздік ер рөлі;
  • Үздік әйел рөлі;
  • Үздік операторлық жұмыс;
  • Үздік көркемдік-қоюшының жұмысы;
  • Фильмге үздік музыка;
  • Үздік орталық-азиялық фильм.

Академия президиумының шешімі бойынша қазақстандық кинемотографтың дамкуына үлес қосқан адамдар да марапатталады.

Ұлттық жүлденің атқарушы директоры Нарын Игіліктің айтуынша «Тұлпар» жүлдесінің басқалардан ерекшелігі жүлдегерлерді қызылар алқасының жекелеген мүшелері емес, Академияның барлық мүшелері анықтайтын болады.

Қазіргі кезде Кинемотография өнері мен ғылымының ұлттық академиясына 104 қазақстандық кинотұлғалар енді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист