«Алауыздық»: Дженнифер Лоуренс Theranos компаниясының негізін қалаушы Элизабет Холмс рөлін сомдайды

Дженнифер Лоуренс («Қызыл торғай», «анашым!») режиссер Адам МакКейдің («Төмендету ойыны», «Терең запастағы коптар») «Алауыздық» фильмінде Theranos компаниясының негізін қалаушы Элизабет Холмс рөлін сомдайды. Холмс компаниясымен бірге бірнеше миллиондық алаяқтығы үшін айыпталды. Бұл туралы жұма күні хабарланды. Theranos инвесторларына жаңашыл қанның экспресс-анализін жасау әдісін қаржыландыруды ұсынды. Жалпы, компанияға 9 миллиард доллардан астам қаржы салынды.
АҚШ-тың федералды айыптаушылары Холмстың жалған жолмен ақша тауып, дәрігерлер мен емделушілерді алдаудың бүкіл сызбасын құрғанын алға тартты. Қазіргі таңда ол Theranos бас директорының қызметінен кетті. Холмстың адвокаттары тағылған айыпқа қатысты көптеген жаңалықтар туралы пікір білдіруден бас тартты.
Элизабет Холмс 19 жасында Стэнфорд университетін бітірген соң 2003 жылы Силиконды Алқапта Theranos-тың негізін қалған еді. Бедел жағынан Apple-дің негізін қалаған марқұм Стив Джобстың жолымен жүріп, өзінің қара водолазкаға деген махаббатын білдіріп, Холмс компанияны медициналық инелерге деген қорқынышының арқасында құрғанын жеткізді.
.jpg)








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін