Дженнифер Лоуренс пен Даррен Аронофски мерекелер қарсаңында қайта қосылмақ
Екеуі әлі де жақсы қарым-қатынаста секілді... Дженнифер Лоуренс пен Даррен Аронофски жақында ғана айырылысқан сияқты еді, бірақ халықтың алдына бірге шығып жүр. Бұрынғы жұп Нью-Йоркте Дженнифердің иті Пеппимен қыдырып жүргенде көзге түскен. Дженнифер мен Даррен тамаша көңіл-күйде болған. 48 жасар режиссер Дженнифердің езуіне күлкі үйіре білді. Баспасөздің айтуынша, екеуі қайта қосылғандарын ресми түрле хабарламады, бірақ уақытты бірге өткізіп жүр, екеуі айырылысса да, араласуларын тоқтатпады, бір-біріне қамқор болып жүрді.
Олардың неліктен ажырасқандары әлі күнге дейін түсініксіз, Дженнифер екеуінің қарым-қатынасы мен «Анашым!» фильмі жайында былай деген болатын: «Режиссердің промо-тур кезіндегі әрекеті жұмсақ болды. Екеуіміз үнемі бірге жүрдік. Мен қонақүйге қайтқан кезде, фильм туралы онша әңгіме айтқым келмеген. Ал Даррен тіпті турдан келген соң да картина жайында сөз қозғай беретін. Мен оны жақсы түсінемін. Фильм оның баласы іспетті. Ол картина идеясын ойлап тауып, сценарий жазды, түсірді. Менің мойнымда екі жауапкершілік болды: үнемі оны қолдау және оған ұнау. Мен оған: «Құдай үшін, өтінемін, бір секінд болса да «анашым!» туралы айта бермеші»,- дегім келетін.
Уақыт барлығын өз орнына қояды және Лоуренс-Аронофски жұбы қайтадан жақсы қарым-қатынаста болатын шығар.









пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін